Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кафедралар
Тілдерді дамыту орталығы

Центр развития языков

Тілдерді дамыту орталығы

Тілдерді дамыту орталығы 2020-2021 оқу жылында қазақ, орыс, шет тілдері кафедраларының бірігуі нәтижесінде құрылды. Орталықтың басшысы филология ғылымдарының кандидаты М.А.Маретбаева. Профессорлық-оқытушылық құрамды ф.ғ.д., профессор Ш.Ш.Жалмаханов, қауымдастырылған профессорлар: ф.ғ.к. Б.С.Каукербекова, п.ғ.к. В.А.Бурмистрова, ф.ғ.к. О.Ф.Кучеренко, ф.ғ.к. Е.Р.Келлер-Дедицкая, ф.ғ.к. Д.В.Сизов, ф.ғ.к. А.Б.Қуанышева, профессор ассистенттері: п.ғ.м. А.К. Алпысбаева, п.ғ.м. Б.Е.Мукеева, п.ғ.м. Г.Е.Оспанова, п.ғ.м. С.К.Медиева, п.ғ.м. А.С.Ержанова, О.Н.Сорокина, Т.Ю.Кабуш,  ф.ғ.м. Н.И.Панкова, Н.Н. Савина., Н.А.Бекбалакова, тьютор-оқытушылар: г.ғ.м. А.Г.Кенжебекова, А.Н.Мищенко, оқытушылар: п.ғ.м. А.А.Аубакирова, п.ғ.м. Л.О.Жандарбекова, г.ғ.м. В.В.Шильке, п.ғ.м. М.Е.Тынымбаева құрайды. Орталықтың әдіскерлері: г.ғ.м. Г.А.Шерипова және М.Ж.Керимбекова .

 Тілдерді дамыту орталығымен бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлерінде оқу-әдістемелік, ғылыми-ізденушілік, тәрбие жұмыстары және мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар университет деңгейінде жүзеге асырылады.

Орталық базасында профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлеріне арналған қазақ тілін төрт деңгейде  оқыту курсы жұмыс істейді. Аталмыш курс оқытушылары латын әліпбиіне көшу бағдарламасына, мемлекеттік Казтест жобасына жауапты. Сонымен қатар  2020-2021 оқу жылынан  курс тыңдаушыларына бағытталған «Сөйле» клубы ашылды.   

Тілдерді дамыту орталығының профессорлық-оқытушылық құрамы кәсіби және педагогикалық біліктілігін үздіксіз арттыруда. Орталықтың ПОҚ авторлығымен қазіргі тіл білімінде жаңаша көрініс тапқан  прагмалингвистикалық, лингвостилистикалық, когнитивті лингвистика, педагогика  бағыттары бойынша жарық көрген  ғылыми еңбектер –  ПОҚ  әлеуетінің көрсеткіші.