Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Корпоративтік жағдайлар

Корпоративтік жағдайлар

Корпоративтік жағдайлар

1. «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ҚР Ұлттық Банкі Қоғамның жарияланған акцияларын шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлайды, бұл туралы 08.05.2019ж. С №0002320 сериялы бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілді. Шығарылым халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) KZ1C00013515 берілген 9 106 960 жай акцияға бөлінген,

2. «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғам акцияларының 100% мемлекеттік пакеті бар:

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы №230 бұйрығына сәйкес 7 (жеті) адамнан тұратын директорлар кеңесінің құрамы анықталды.

Директорлар кеңесіне тағайындалды:

Әбішев Олжас Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі;

Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы – Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы - Ректор;

Кадюков Николай Викторович – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары;

Сыдықова Сәуле Ильясқызы  – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар  департаменті директоры міндетін атқарушы;

Бадина Юлия Викторовна – тәуелсіз директор;

Зорин Борис Викторович – тәуелсіз директор;

ПетренкоЕлена Степановна– тәуелсіз директор.

3. Директорлар Кеңесінің 2019 жылғы 31 мамырдағы шешіміне (№1 хаттама) сәйкес,  «Қарағанды медицина университеті»  КеАҚ Басқармасының құрамына мүшелер ретінде сайланды:

Хэндриксон Вайва  - бірінші  Проректор лауазымына(провост);

Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы - Клиникалық жұмыс жөніндегі Проректор лауазымына;

Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы - Стратегиялық даму және ғылым жөніндегі Проректор лауазымына;

Риклефс Виктор  Петрович  - Академиялық жұмыс жөніндегі Проректор лауазымына;

Түсіпова Кәмшат Маратқызы - Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының Проректор-директоры лауазымына;

Бектурганов  Закир  Закарьянович  - Басқарушы директор лауазымына.

4. ҚР «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес,  ҚР Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 40-4-03/202  Қоғамның 9 106 960 жай акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп бекітілді.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 453 қаулысымен "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ зерттеу университеті мәртебесі берілді, сондай – ақ "Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019-2023 жылдарға арналған Даму Бағдарламасы" бекітілді.

6. "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қабылдаған шешімі туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында қоғам акцияларының 100% мемлекеттік пакеті бар:

"Қарағанды медицина университеті "КеАҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 06 қарашадағы №613 бұйрығына сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамы 8 (сегіз) адам болып белгіленді.

Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі ретінде Ахметов Уәлихан Исаұлы сайланды.