Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
«ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институты
«ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы (ҒЗСГЗ)

«ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы (ҒЗСГЗ)

«ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы (ҒЗСГЗ)

Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы 2007 жылы кафедрааралық санитарлық-гигиеналық зертхана ретінде құрылды. Зертхананы құрудың мақсаты оқу процесінде өнеркәсіптік, экологиялық факорларды және қоршаған орта мен өндірістік орта экологиясы мен гигиенасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін заманауи өлшеу құраладарымен қамтамасыз ету болды.

2010 жылы кафедрааралық санитарлық-гигиеналық зертханасы ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы болып қайта құрылды және ҚММУ ғылыми зерттеу орталығының құрамына енгізілді.

2016 жылы ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертхана ХСҰ ЭТК МЕСТ 17025 - 2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының компетенттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша аккредитациядан табысты өтті (Сертификат KZ.Т.1758).

2019 жылы ҚММУ-нің «Қарағанды медицина университеті» Комерциалық емес акционерлік қоғам («ҚМУ» КеАҚ) болып қайта құрылуымен байланысты ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы «ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының құрамына енді.

Сондай-ақ, 2020 жылы "Ұлттық аккредиттеу орталығы" ЖШС зертхананың орналасқан жерінің өзгеруі және ГОСТ ISO/IEC 17025-2019-ға көшуі бойынша инспекциялық тексеру жүргізді.

ҒЗСГЗ Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналасқан«Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізетін мамандандырылған ұйымдар тізіміне» енгізілген.

f3ec214a060c655e626e7636b0f81c19

Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасының негізгі мақсаты:

·  студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және білімдерін жоғарылату курсы курсанттарының тәжірибелік сабақтарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

·  гигиенаның, еңбек медицинасының, экологияның маңызды мәселелері бойынша іргелі, теориялық және ізденістік зерттеулер жүргізу;

·  «ҚМУ»КеАҚ магистранттарын, докторанттарын, студенттерін және оқытушыларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ғылыми қолдау көрсету;

·  өндірістікнысандардасанитарлық-гигиеналықзерттеулер жүргізу бойынша шаруашылық келісім шарт жұмыстарын орындау;

·  еңбек жағдайлары бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс орындарына аттестаттау жүргізу.

29a272278e49e97092bce3d14c276bcc

Зертхананың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары:

·  еңбек ететін тұрғындардың денсаулығына кәсіби қауіптерді анықтау;

·  хризотил өндірісінде санитарлық-гигиеналықзерттеулер;

·  өнеркәсіптік аймақтардың экологиялық жағдайлары;

·  еңбек процесін физиологиялық зерттеулер;

·  гранттық ҒЗЖ;

·  технологияларды коммерциализациялау бойынша инновациялық гранттар.

Зертхана заманауи қолайлы сандық өлшеу құралдарымен және заманауи жылжымалы санитарлық-гигиеналық зертханасымен жабдықталған. Өлшеу құралдарының сезімталдығы өте жоғары, ҚР тіркелген өлшеу аспаптары мен құралдарынның тізіміне кіреді және уақытылы мемлекеттік тексерістен өтіп отырады.

Зертхана өзінің қызметі барысында мынадай ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен сәтті жұмыс істеді:

- "Қостанай минералдары" АҚ;

"Қазтрансойл" АҚ;

- "Nova цинк" ЖШС;

- "Шұбаркөл Көмір" АҚ;

- "РТЖ" ААҚ;

- "Караганда-Энергоцентр" ЖШС.

Бүгінгі таңда зертхананың жоғары кәсіби деңгейде, білікті мамандандырылған мекеме ретінде жұмыс істеуі, еңбекті қорғау және өндірістегі қауіпсіздік саласы бойынша жұмыс тәжірибесі мол, сондай-ақ ол ірі отандық және шетелдік компаниялардың көптеген оң пікірлеріне ие.

"Қостанай минералдары" АҚ, 2019:

- Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасының қызметкерлері өздерін сауатты мамандар ретінде көрсете білді және "Қостанай минералдары" АҚ басшылығы алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар, әрі қарай өзара ынтымақтастық тілейді.

"Қарағанды Жылу" ЖШС 1-ЖЭО басшылығы ҚММА қызметкерлеріне өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау бойынша адал атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді.

ЖЭО-1 "Қарағанды Жылу" ЖШС, 2009.

Оңтүстік Орал темір жолының (ООТЖ) Петропавл бөлімшесінің басшылығы жұмыс орындарын аттестациялау бойынша нормативтік құжаттардың талаптарын білетін, теміржол көлігіндегі жұмыстың ерекшелігін, оның ішінде салалық нормативтік құжаттарды зерделеген білікті маман ретінде өзін көрсеткен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қызметкерлеріне алғыс білдіреді. 

ООТЖ-ның Петропавл бөлімшесі, 2011.

... "Қостанай минералдары" АҚ басшылығы зертхана қызметкерлеріне біздің кәсіпорынның және бүкіл өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ және мінсіз еңбегі үшін алғыс білдіреді. "Еңбекті қорғаудың үздік қызметі" номинациясында кәсіпорынның 1-ші орынғаие болуына да сіздің қызметкерлеріңіздің қосқан үлесі өте зор деп ойлаймыз.

"Қостанай минералдары" АҚ, 2014.

0265fe55f215982a83002488c686ec9a

ҒЗСГЗ мамандарықұрамы:

Жарылқасын Жеңісбек Жарылқасынұлы, зертхана меңгерушісі, м.ғ.к., қауымд. профессор;

Ыбраев Серік Айтмақұлы, бас ғылыми қызметкер, м.ғ.д., профессор;

Гребенева Ольга Васильевна, бас ғылыми қызметкер, м.ғ.д., қауымд. профессор;

Шадетова Алмагуль Женисовна, жетекші ғылыми қызметкер, б.ғ.к.;

Алексеев Алексей Владимирович, ғылыми қызметкер, медицина магистры;

Тилемисов Магжан Какарманович, ғылыми қызметкер, ҚД магистры;

Русяев Михаил Викторович, ғылыми қызметкер, биология магистры;

Нұрлан Гүлмарал, ғылыми зерттеу менеджері, т.ғ. магистры, химик;

Сабиров Жанбол Байжанович, биохимик, PhD-докторант;

Абитаев Дархан Сайлаубекович, ғылыми зерттеу менеджері, м.ғ.к., қауымд.  профессор;

Алешина Наталья Юрьевна, ғылыми зерттеу менеджері, экология магистрі

Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы қызметкерлері ғылыми зерттеулермен айналыса отырып, гранттық қаржыландыру конкурстарына белсенді қатысады,республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, сондай-ақ баяндамаларымен, мақалаларымен шетелдік басылымдарға да қатысады.

Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасының қызметкерлері ғылыми қызметпен айналысып, гранттық қаржыландыру конкурстарына, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады, оның ішінде шетелдік басылымдарда баяндамалар мен жарияланымдар жасайды. Сонымен қатар, зертхана қызметкерлері университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, спартакиадаларға, жарыстарға, конкурстарға қатысады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда зерттеулер жүргізу үшін қызметкерлер жүйелі түрде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша курстарда оқып отырады.

06a63dde8a36828b5a039d8fa9f92479

Байланыс ақпараттары:

Зертхана меңгерушісі,қауымд., профессор Жарылқасын Жеңісбек Жарылқасынұлы.

Мекенжайы: Қарағанды қ., Мұстафин көш., 15, 117-ші кабинет.

Тел.: 8(7212) 50-39-30, қосымша1522.

e-mail: nisgl@qmu.kz, zharylkassyn@qmu.kz