Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Басқарма
Виктор Петрович Риклефс

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

Виктор Петрович Риклефс

Виктор Петрович Риклефс, 1979 жылы туылған, неміс. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын 2002 жылы «Медициналық-биологиялық іс» мамандығы бойынша бітірді (мамандануы «кибернетик дәрігер»), 2003 жылы осы мамандық бойынша магистратураны «биофизик дәрігер» мамандануы бойынша аяқтады. 2007 жылы 03.00.13 – «Физиология» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғады. 2013 жылы Маастрихт (Нидерланды) университетінде медицина білімінің халықаралық магистрі академиялық дәрежесін алды, қазіргі уақытта Маастрихт университетінің медициналық білім беру бойынша PhD докторанты болып табылады.

2003 жылдан бері ҚММУ-де оқытушы ретінде, одан кейін медициналық биофизика және информатика кафедрасы доцентінің м.а. ретінде белсенді оқытушылық жұмыс атқарып келеді. 2007-2017 жылдары ҚММУ Практикалық дағдылар орталығының директоры болды, 2017 жылдың ақпанынан тамыз айы аралығында - ҚММУ Инновациялық технологиялар трансферті орталығының директоры, 2017 жылдың тамызында оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор қызметіне тағайындалды.

Орыс тілінен бөлек, ағылшын тілін жетік меңгерген, неміс тілін сөздікпен біледі және мемлекеттік тілді белсенді үйренуде. 2007 жылы Саутгемптон университетінде (Ұлыбритания), 2009 жылы Майами университетінде (АҚШ) және Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясында (Копенгаген, Дания) медициналық білім беру саласындағы түрлі білім беру технологиялары бойынша тағылымдамадан өтті. 2008 жылдан бері медициналық ЖОО оқытушылары үшін, сонымен қатар, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы аясында Сургут мемлекеттік медицина университетінің қызметкерлері үшін  (2013-2015), Мәскеуде Ресей Федерациясының медициналық ЖОО  симуляциялық орталықтарының басшылары үшін  конференцияларда (2014, 2015) медициналық білім берудегі симуляциялық технологияларды белсенді оқыту әдістері бойынша оқыту  семинарларын өткізуге белсенді түрде қатысады.

90 астам баспа жарияланымдары  бар (оның ішінде 1-уі ISI Web of Science импакт-факторымен, 1-уі Scopus импакт-факторымен, 9-ы РИНЦ, Хирш индексі - 3), өнертабысқа 5 алдын ала патенті, зияткерлік меншік нысанын тіркеу туралы 2 куәлігі, медициналық білім беру бойынша халықаралық конференциялардағы 25 астам  ауызша және постерлік баяндамалары бар: Европада Прагадағы (2008, 2013), Глазго (2010, 2015), Вена (2011), Лион (2012), Милан (2014), Барселонадағы (2016), Хельсинкидегі Медициналық білім беру қауымдастықтары (2017), Мәскеудегі «РОСМЕДОБР. Инновационные обучающие технологии в медицине» конференциясы (2013-2016), Куала-Лумпурда өткен Медициналық білім беруді бағалау жөніндегі Оттава конференциясы (2012), Оттава (2014), Сингапурде өткен медициналық білім беру бойынша Азиялық-Тынық мұхит конференциясы (2011). Медициналық білім беру саласында 50-ден астам жарияланымы бар.

Медициналық білім беру саласында түрлі қауымдастықтардың мүшесі: Еуропадағы медициналық білім беру қауымдастығы (АМЕЕ), Медициналық білімді зерттеу қауымдастығы (ASME), Денсаулық сақтаудағы симуляциялық қоғам (SSH), Медицинадағы симуляциялық оқытудың ресейлік қоғамы (РОСОМЕД). АМЕЕ зерттеу комитетінің мүшесі болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Денсаулық сақтау Министрлігінің гранттары бойынша 3 зерттеудің бірлесіп орындаушысы (2001-2004, 2009, 2007-2009), ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты бойынша зерттеудің жауапты орындаушысы болды (2012-2014), медициналық білім беру саласындағы Tempus және Erasmus+ халықаралық жобаларының қатысушысы (виртуалды пациенттерді және мәселеге бағдарланған оқытуды  енгізу). 2001 жылы ресейлік «Экология және космос»  авиациялық-ғарыштық агенттігінің стипендиясына, 2008-2010 жж. талантты жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің алғыс хатымен марапатталған (2016).

E-mail: V.Riklefs@qmu.kz