Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Қоғаммен байланыс қызметі
Қоғаммен байланыс қызметі

Қоғаммен байланыс қызметі

Қоғаммен байланыс қызметі

Қарағанды медицина университетінің қоғаммен байланыс бөлімі ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше.

Бөлімнің мақсаты – университет қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және ректордың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдары мен «ҚМУ» КеАҚ ресми сайты арқылы университет қызметі туралы объективті қоғамдық пікір қалыптастыру; университеттің қызметі жайлы бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу; «Медик» көптаралымды газетін тұрақты түрде шығару; университеттің бөлімшелері мен өткізілетін іс-шараларды фотоматериалдармен және фотоөнімдермен қамтамасыз ету.

Қоғаммен байланыс қызметінің негізгі функциялары: баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру; құрылымдық бөлім басшыларының, ректордың сұхбат беруін ұйымдастыру және т.б. «ҚМУ» КеАҚ қызметі туралы  бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар дайындау; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «ҚМУ» КеАҚ қызметі туралы объективті қоғамдық пікір қалыптастыру; «ҚМУ» КеАҚ ректоратын  бұқаралық ақпарат құралдарының ол туралы позициясымен, баспасөзде, радио мен теледидарда жарияланған үнқатулар, қоғамдық пікір жағдайы туралы жедел түрде хабардар ету; материалдарды жинау, редакциялау, түзетулер енгізу жолымен «Медик» газеті шығарылымына тұрақты редакциялық даярлықты жүзеге асыру; «ҚМУ» КеАҚ ресми сайтында ақпараттарды редакциялау, орналастыру және жаңарту; университеттің бөлімшелері мен өткізілетін іс-шараларды  фотоға түсіруді ұйымдастыру мен жүргізу болып табылады.

  Үлкен жұмыс тәжірибесі, кәсіби шеберлік, жеделдік, жауапкершілік пен еңбекқорлық Қоғаммен байланыс қызметі қызметкерлеріне ақпараттар ағынымен тиімді жұмыс жүргізуге, өз қызметін сапалы іске асыруға мүмкіндік береді. Ұйымшылдық, өз міндетін жете сезіну, еңбек тәртібін сақтау және жұмыс жоспарларын бұлжытпай орындау – Қоғаммен байланыс қызметінің жемісті жұмысының басты қағидалары.