2026-2028 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыру байқауы жарияланады

2026-2028 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыру байқауы жарияланады

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, (бұдан әрі – «ҚМУ» КеАҚ) «ҚМУ» КеАҚ қызметкерлердің ғылыми әлеуетін арттыру бағытында, атап айтқанда, профессорлық-оқытушылық құрам мен ғылыми қызметкерлердің, білім алушылардың жарияланымдық белсенділігін нығайтумен қатар, ғылыми-зерттеу кеңістігінде әлеуеті зор тың ғылыми бағыттардың дамуын қолдау мақсатында 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыру байқауын жариялайды.
2026–2028 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы көлемі – 120 000 000 теңге, оның ішінде басым бағыттар бойынша:
1. «ҚМУ» КеАҚ клиникасын басқару моделін әзірлеу және бағалау – 9 000 000 теңге, оның ішінде жылдар бойынша:
2026 жылға – 3 000 000 теңге,
2027 жылға – 3 000 000 теңге,
2028 жылға – 3 000 000 теңге.

2. Білім беру саласында және медицинада жасанды интеллектіні пайдалану – 15 000 000 теңге, оның ішінде жылдар бойынша:
2026 жылға – 5 000 000 теңге,
2027 жылға – 5 000 000 теңге,
2028 жылға – 5 000 000 теңге.

3. Қатерлі ісіктерді емдеудегі жаңа терапиялық нысандар – 24 000 000 теңге, оның ішінде жылдар бойынша:
2026 жылға – 8 000 000 теңге,
2027 жылға – 8 000 000 теңге,
2028 жылға – 8 000 000 теңге.

4. Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға арналған басқа да басым бағыттар – 72 000 000 теңге, оның ішінде жылдар бойынша:
2026 жылға – 24 000 000 теңге, алайда бір жоба аясы 8 000 000 теңгеден аспауы тиіс;
2027 жылға – 24 000 000 теңге, алайда бір жоба аясы 8 000 000 теңгеден аспауы тиіс;
2028 жылға – 24 000 000 теңге, алайда бір жоба аясы 8 000 000 теңгеден аспауы тиіс.

Конкурс өтінімдері электрондық түрде ғылыми жұмыс бөлімі маманының корпоративтік поштасына жіберіледі Aleshina@qmu.kz.

Конкурс құжаттары төмендегі топтамаға сай рәсімделіп, ғылыми жұмыс бөліміне ұсынылуы тиіс:
1. Ілеспе хат (Ф КМУ 6/05-01/01) - ғылыми жетекші қол қойған сканерленген нұсқа;
2. Конкурсқа қатысуға өтінім (Ф КМУ 6/05-03/01);
3. «ҚМУ» КеАҚ биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия қорытындысы (адамдар мен жануарлардың қатысуымен биомедициналық зерттеулер үшін);
4. Университеттің плагиатқа қарсы жүйесінде тексерілген нәтиже.

Өтінім қабылдау – 2026 жылдың 10 ақпанынан басталады
Қабылдаудың аяқталу мерзімі – 2026 жылдың 1 наурызы (қоса алғанда).

Қосымшалар:

Ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыруға байқау туралы ЕРЕЖЕ

«ҚМУ» КеАҚ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған байқауға қатысуға ӨТІНІМ (Ф КМУ 6/05-03/01)

Ілеспе хат (Ф КМУ 6/05-01/01)



Барлық сұрақтар бойынша төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:
1. Ғылыми жұмыс бөлімі: Гоголь көшесі, 40/6, каб. 360, тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі 1435, 1436);
2. Өмір туралы ғылымдар институты директоры: Гоголь көшесі, 40/6, каб. 361, тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі 1828);
3. Ғылыми жұмыс жөнінде проректор: Гоголь көшесі, 40, каб. 219, тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі 1607).