Құрметті әріптестер!
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарды көтермелеу, сондай-ақ жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында Ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған «2025 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» ЖОО ішілік байқауын жариялайды.Байқауға қатысуға ғылыммен белсенді айналысатын «ҚМУ» КеАҚ штаттық қызметкерлері шақырылады. Байқау шеңберінде 2 сыйлықақы беріледі:
1) «Үздік ғалым» номинациясы бойынша 100 АЕК көлемінде сыйлықақы.
2) «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша 50 АЕК көлемінде сыйлықақы.
Жас ғалымдардың қатарына 40 (қоса алғанда) жасқа дейінгі қызметкерлер кіреді. Сыйлықақы алуға үміткер байқауға тек бір номинация бойынша қатыса алады. Сыйлықақы бір номинация шеңберінде ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштері бойынша ең көп ұпай жинаған тұлғаға беріледі.
Байқауға қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) Сыйлықақы беру байқауына қатысу үшін үлгі бойынша өтінім (Ф ҚМУ 6/3-01/1 үлгіге сәйкес);
2) Сыйлықақы беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес мәліметтер (MS Excel-тегі кестеге сәйкес);
3) Әр критерийге сәйкес ғылыми жетістіктер жайлы мәліметтерді растайтын материалдар мен құжаттар;
4) «ҚМУ» КеАҚ Адами ресурстарын басқару департаментінен жұмыс орнынан анықтама.
Байқауға қатысу құжаттары 2026 жылдың 21 наурызына дейін (қоса алғанда) Ғылыми жұмыс бөлімі маманының Aleshina@qmu.kz корпоративтік электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Сыйлықақы алуға үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады:
1) ғылыми дәрежесі, ғылыми атағының және Хирш индексінің болуы;
2) білім алушылармен ғылыми жұмыстары;
3) дәреже берілген кадрларды даярлау;
4) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға жетекшілік ету, сондай-ақ оларға қатысу;
5) ғылыми нәтижелердің болуы және оның сапасы (рецензияланған журналдардағы мақалалар, монографиялар және/немесе монографиялардағы тараулар, патенттер, әдістемелік ұсынымдар және авторлық құқық туралы куәліктер);
6) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің енгізілгені жайында расталған нәтижелер.
Барлық көрсеткіштер күнтізбелік 2025 жыл бойынша есептеледі.
Қосымшалар:
Положение о конкурсе ЛНР утв. 20.01.2025
Ф ҚМУ 6/3-01/1 үлгі – «ҚМУ» КеАҚ «Үздік ғылыми қызметкері» байқауына үміткердің өтінімі;
Үміткердің ғылыми жетістіктері жайлы мәліметтер.
Барлық сұрақтар бойынша Ғылыми жұмыс бөліміне хабарласуға болады: Гоголь көшесі 40/6, 360 каб., тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі 1435).
Жарнамалар лентасы
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
27.03.2026
Жарияланды:
26.03.2026
Жарияланды:
19.03.2026
Жарияланды:
18.03.2026
Жарияланды:
16.03.2026
Жарияланды:
11.03.2026
Жарияланды:
06.03.2026