Жаңалықтар
«Астана медицина университеті» КеАҚ-дағы академиялық ұтқырлық
2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында «Эпидемиология» модулі бойынша Қоғамдық денсаулық мектебі профессорының ассистенті Бейсекова Мауза Маралқызы академиялық ұтқырлық шеңберінде «АМУ» КеАҚ-ның Қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасында болды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру барысында М. М. Бейсекова оқытушылардың оқу-әдістемелік материалдарымен және әзірлемелерімен, ҚД және эпидемиология кафедрасының материалдық-техникалық базасымен, кітапхана қорының ресурстарымен танысты, мұражайға барды, сонымен қатар «Емдеу – алдын алу мекемелеріндегі биологиялық қауіпсіздік негіздері» пәнінің өзекті тақырыптары бойынша «Қоғамдық денсаулық» ББ 6В10119 3 курс студенттерімен тәжірибелік сабақтар өткізді.
Тәжірибелік сабақтарда білім алушылар биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, микробиологиялық зертханалардың бөлмелерін дезинфекциялау кезінде биологиялық қорғауды қамтамасыз ету, патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру, зертханалардың биоқауіпсіздік деңгейін бақылау, микроорганизмдердің қауіпті топтары, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зертханалар мен жабдықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қағидаттарын зерделеді. Дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды жүргізу кезінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларымен, А, Б, В, Г класындағы медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға және жоюға қойылатын талаптармен, авария кезінде биологиялық қорғауды қамтамасыз ету, биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау және осы бағыттар бойынша жүргізілетін іс-шаралар дағдыларымен танысты.
М. М. Бейсекова «АМУ» КеАҚ-ның қалыптасу тарихымен, кітапхана қорының ресурстарымен танысты. Жалпы, пән бойынша бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспар толық көлемде орындалды.
Қорытындылай келе, академиялық ұтқырлықтың нәтижесі екі университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы арасында білім мен тәжірибе алмасуы студенттерімізді оқытуда пайдасын тигізеді деп айтуға болады.