Құрметті бірінші курс студенттері!
"Қарағанды медицина университеті" Сіз студент болдыңыз және кітапхананың қорлары мен ақпараттық қызметтерін пайдалану құқығына ие болдыңыз. Университетте сәтті оқу үшін Сіз кітапхананың жұмысы мен қызметтерін егжей-тегжейлі біліп алуыңыз керек, сонда сіз оқудың бірінші күнінен бастап университеттің кітапхана қорында ұсынылған әр түрлі ақпарат көздеріне тиімді жол таба аласыз.
1. Кітапхананы пайдалану ережелері және Пайдаланушылардың және кітапхананың құқықтары мен міндеттерімен танысыңыз.
2. Кітапхананың әрбір пайдаланушысы білуі маңызды ақпарат!
- Кітапхананың оқу және ғылыми әдебиеттер абонементтерінде үйден әдебиет алуға болады. Оқу әдебиеті бір семестрге, ғылыми әдебиет 15 күнге беріледі.
- Оқу залында және мерзімді басылымдар залында кітапхана қорында шектеулі мөлшерде қол жетімді әдебиеттер бар, олар монографиялар, нұсқаулықтар, анықтамалықтар, сөздіктер, мерзімді басылымдар, аз даналы оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар.
- Электрондық ресурстар залы оқырманға электронды каталогты, мәліметтер базасын, Электронды кітапхана жүйелерін және Интернетті ұсынады.

