Корпоративтік хатшы

"Қарағанды медициналық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ҚМУ" КеАҚ немесе Қоғам) Корпоративтік хатшысы – Директорлар кеңесінің және Басқарманың мүшесі болып табылмайтын, Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалатын және "ҚМУ" КеАҚ Директорлар кеңесіне есеп беретін қоғамның қызметкері.


Корпоративтік хатшының өз қызметі шеңберіндегі міндеттері:

  • қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының корпоративтік басқару саласындағы заңнаманы, Жарғыны, кодексті және Қоғамның ішкі құжаттарын сақтауын, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы саясат пен практиканы жетілдіруді қамтамасыз ету;
  • Директорлар кеңесінің тиімді қызметін қамтамасыз ету;
  • ұсынылған құзырет шеңберінде Қоғам туралы Елеулі ақпаратты сақтауды, ашуды және ұсынуды, сондай-ақ ақпараттық ашықтықтың жоғары деңгейін қолдауды қамтамасыз ету;
  • қоғам органдары арасындағы нақты және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 4 хаттамасымен Корпоративтік хатшы лауазымына Қазбекова Айдана Нұржанқызы тағайындалды.


Байланыс ақпараты: Қарағанды қ., Гоголь көшесі 40

Телефон: 8 (7212)503930 (ішкі.1426)

Электрондық пошта: kazbekova.a@qmu.kz