АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ
Білім беру бағдарламасы
1. Білім беру бағдарламасы – білім берудің мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асырудың тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау критерийлерін қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені.
2. "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ (бұдан әрі – ҚМУ КеАҚ) әзірлейтін білім беру бағдарламалары техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім беру деңгейлерін қамтиды.
3. Білім беру бағдарламасының мақсаты Университеттің миссиясымен және стратегиялық міндеттерімен сәйкестендіріледі.
4. Білім беру бағдарламасы білім беру және кәсіптік стандарттарға, нормативтік құқықтық актілерге, Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес келеді. ББ құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған, білім алушылардың тұлғалық дамуына ықпал етеді, өз бетінше оқу дағдыларын дамытады және серпінді өзгеретін жағдайларда кәсіби өсуге дайындайды.
5. Білім беру бағдарламасы пәнаралықты және мазмұнның логикалық бірізділігін қамтамасыз ететін модульдік тәсілді қолдану арқылы қалыптастырылады. Оның негізіне сондай-ақ студентке бағытталғандық, әлемдік және ұлттық трендтерді ескере отырып инновациялылық, сондай-ақ еңбек нарығының талаптарына сәйкестік үшін жұмыс берушілер мен кәсіби қоғамдастықтардың қатысуы арқылы практикаға бағытталғандық қағидаттары салынған.
6. Университетте білім беру бағдарламасын басқару процесі Білім беру бағдарламасын басқару туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
7. Білім беру бағдарламасын оның басшысы және/немесе жұмыс тобы әзірлейді, оған студенттер, оқытушылар, жұмыс берушілер және кәсіби қоғамдастықтар тартылады.
8. Білім беру бағдарламасының құрылымы мақсатты, түлектердің құзыреттіліктерін, оқыту нәтижелерін, пәндерді және бағалау әдістерін қамтиды.
9. Білім беру бағдарламасын енгізу кезінде кадрлық қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, практика базалары, бағдарламаны іске асыруды ақпараттық және әдістемелік қолдау ескеріледі. Білім беру бағдарламасы сапаны қамтамасыз ету комиссиясымен, Мектеп кеңесімен және Сенатпен келісіліп, университеттің Директорлар кеңесімен бекітіледі.
10. Білім беру бағдарламасы ҚР ҒЖБМ Жоғары білім берудің бірыңғай платформасының (ЖБББП) білім беру бағдарламаларының тізіліміне орналастырылады.
11. Білім беру бағдарламасын басқаруды оның басшысы мен мектеп жүзеге асырады.
12. Білім беру бағдарламасының өзектілігін және білім беру мен кәсіптік стандарттарға және қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру бағдарламасына тұрақты мониторинг және бағалау жүргізіледі.
13. Білім беру бағдарламасын жаңартуды білім беру бағдарламасының басшысы және/немесе жұмыс тобы нормативтік базадағы, білім беру және кәсіптік стандарттардағы, ғылыми жетістіктердегі өзгерістерді, стейкхолдерлердің сұраныстарын, жаңа білім беру технологияларын, аккредиттеу агенттіктерінің ұсынымдарын талдау негізінде жүргізеді.
14. Білім беру бағдарламасы талапкерлер жиналмаған, еңбек нарығында сұраныс болмаған, ресурстар шектеулі болған, университеттің стратегиялық басымдықтары өзгерген жағдайда іске асырудан алынып тасталуы мүмкін.
15. Білім беру бағдарламасын ішкі бағалау өзін-өзі бағалауды жүргізу, білім алушылар мен оқытушылардың қанағаттанушылығын бағалау, студенттердің оқу жетістіктерін талдау арқылы қамтамасыз етіледі.
16. Білім беру бағдарламасын сыртқы бағалау аккредиттеуден өту, білім беру бағдарламасын ЖБББП-ға енгізу кезінде сараптама жүргізу, рейтингтерге қатысу, түлектердің жұмысқа орналасу нәтижелерін талдау, тәуелсіз емтихан алу және жұмыс берушілер мен түлектердің қанағаттану деңгейін бағалау арқылы қамтамасыз етіледі.
17. Бірлескен білім беру бағдарламасы – бұл екі немесе одан да көп жоғары оқу орындары бірлесіп әзірлеген және іске асыратын білім беру бағдарламасы.
18. Бірлескен білім беру бағдарламалары "ҚМУ" КеАҚ түлектерінің ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
19. "ҚМУ" КеАҚ-да бірлескен білім беру бағдарламалары екі дипломды бағдарламалар, шарттар немесе меморандумдар негізінде серіктес жоғары оқу орындарымен бағдарламаларды бірлесіп әзірлеу және/немесе іске асыру түрінде жүзеге асырылады.
20. Білім беру бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы Университетте ресми ақпараттық ресурстарда өзекті деректерді жариялау арқылы қамтамасыз етіледі, бұл стейкхолдерлерге білім беру бағдарламасының миссиясы, оқытудың күтілетін нәтижелері, аккредиттеу мәртебесі туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
21. Стейкхолдерлерді білім беру бағдарламалары туралы ақпараттандыру сондай-ақ Жоғары білім берудің бірыңғай платформасында (ЖБББП) өзекті мәліметтерді орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
22. Университет студенттерге және басқа да стейкхолдерлерге білім беру бағдарламасының мазмұны мен іске асырылуы мәселелері бойынша консультациялық қолдау көрсетеді.