Травматология-ортопедия (ересектер, балалар)
Білім беру бағдарламалары тобы: R025 Травматология-ортопедия (ересектер, балалар)
Шифр: 7R01127
Оқу ұзақтығы: 3 жыл, 210 кредит
Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы
1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге
Миссия
Білікті, бәсекеге қабілетті, клиникалық жұмыстарды, ғылыми зерттеулерді және үздіксіз кәсіби дамуды, сондай-ақ бүкіл еңбек жолында өзін-өзі дамытуға қабілетті ересектердің және балалардың травматолог-ортопед дәрігерін дайындау
Сіз не үйренесіз?
1 курс
- Есептік құжаттарды жүргізу;
- Травматолого-ортопедиялық қарауды жүргізу;
- Науқастарды отаға дайындау;
- Жарақаттар мен ортопедиялық аурулары бар науқастарға жеке ем тактикасын тағайындау;
- Жиі кездесетін патологиялық жағдайларды және қаңқа жарақаттарын (соғып алу, созып алу және т.б.) диагностикалау және емдеу.
2 курс
- Ортопедиялық аурулары бар науқастарды диагностикалау және жүргізу тактикасы;
- Ауыр қосалқы аурулары бар науқастарды жүргізу ерекшеліктері (мысалы: БЦП және т.б. жүйке жүйесінің ауыр зақымдары, хрониодиализ, семіздік, ісік және т.б. аурулары бар науқастар);
- Клиникалық тәлімгерлердің жетекшілігімен синтездің кіші түрлерін өз бетімен орындау.
3 курс
- Өз бетімен жасайтын хирургиялық әдістерді жетілдіру (өзі жасайтын ота түрлерін көбейту);
- Асқынулары бар науқастарды диагностикалау және жүргізу (мысалы: инфекциялық асқынулар, рефрактуралар, жалған буындар және т.б.);
- Кеңестік қабылдауларда кеш отадан кейінгі кезеңдегі науқастарды жүргізу ерекшеліктері.
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Тірек-қимыл аппаратының клиникалық, топографиялық анатомиясы, сонымен қатар травматология және ортопедиялық науқастардағы аурулардың патогенезі саласындағы білімін көрсетеді.
- Ересектер мен балалардағы жарақаттар мен ортопедиялық ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістері туралы білімін көрсетеді.
- Балалар мен ересектердің тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен зақымдануы кезінде амбулаторлық негізде толық көлемде жоғары білікті медициналық көмекті қамтамасыз ету.
- Ересектер мен балалардың ортопедиялық ауруларына толық көлемде амбулаторлық негізде жоғары білікті медициналық көмекті қамтамасыз ету.
- Балалар мен ересектердің тірек-қозғалыс аппаратының жарақаттары мен зақымдануы кезінде стационарлық деңгейде толық көлемде жоғары білікті көмек көрсету.
- Ересектер мен балалардың ортопедиялық ауруларына стационарлық деңгейде толық көлемде жоғары білікті көмек көрсету.
- Науқастарды электронды тіркеу жүйелерінде медициналық құжаттаманы жан-жақты, уақтылы және анық жүргізеді.
- Медицина қызметкерлерімен, науқастармен және олардың туысқандарымен өзара әрекеттесу кезінде тиімді коммуникативті дағдыларды көрсету.