Ревматология (ересектер, балалар)
Білім беру бағдарламалары тобы: R002 Ревматология (ересектер, балалар)
Шифр: 7R01132
Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 140 кредит
Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы
1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге
Миссия
Терең клиникалық дайындығы бар, ревматологиялық бейіндегі пациенттерге дәлелді медицинаның замануи қағидаттарына сәйкес медициналық көмек көрсетуге дайын, медицинада, ғылым мен тәжірибеде озық инновациялық технологияларды қолдануға, өмір бойы оқытуды жалғастыруға, қоғамның дамуына үлес қосуға қабілетті білікті ревматолог-дәрігерлерді даярлау.
Сіз не үйренесіз?
- Ревматология негіздеріне;
- Буындардың функциясына физикалық зерттеулер жүргізу, тесттер, функционалдық индекстерді интерпретациялау;
- Диагнозды верификациялау;
- Стационарлық және амбулаториялық-емханалық жағдайларда сүйек-буын жүйесінің патологиясы бар ересек және бала жастағы пациенттерді жүргізу тактикасын;
- Ішкі аурулар және педиатрия клиникасында шұғыл жағдайлар диагностикасы мен көмек көрсетуді.
- Диагностикалық және емдік мақсатта буындарды пункциялауды жүргізуді;
- Органға тән аутоантиденелерді иммунологиялық зерттеу нәтижелерін интерпретациялауды;
- Тері-бұлшықет биоптатын морфологиялық зерттеуді;
- Рентгенография;
- Магнитті-резонанстық томография;
- Буындар мен осьтік қаңқаның компьютерлік томографиясы;
- Денситометрия;
- Буындарды ультрадыбыстық зерттеуді;
- Гендік-инженерлік биологиялық терапия жүргізуге көрсеткіштерді анықтау және оларды пациенттерде бастауды;
- Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде ересектер мен балалар жасындағы пациенттерде дәнекер тінінің жүйелі аурулары және жүйелі васкулиттерді диагностикалау және емдеу тактикасын.
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Стационарда ревматологиялық ауруы бар ересек науқастарға диагностика жүргізуді, емді тағайындауды, алдын – алуды, медициналық оңалтудың госпиталды кезеңін жүзеге асыру.
- Стационарда ревматикалық ауруы бар әртүрлі жастағы балаларға диагностика жүргізуді, фармакотерапия ерекшеліктерін ескере отырып емді тағайындауды, алдын – алуды, медициналық оңалтудың госпиталды кезеңін жүзеге асыру.
- Амбулаторлық-емханалық жағдайда ревматикалық ауруы бар ересек науқастарға диагностика жүргізуді, емді тағайындауды, алдын – алуды, медициналық оңалтуды және динамикалық бақылауды жүзеге асыру.
- Амбулаторлық-емханалық жағдайда ревматикалық ауруы бар әртүрлі жастағы балаларға диагноз қоюды, фармакотерапия ерекшеліктерін ескере отырып емді тағайындауды, алдын – алуды, медициналық оңалтуды және динамикалық бақылауды жүзеге асыру.
- Ревматикалық ауруы бар ересек және бала жасындағы науқастарда зертханалық және визуалды диагностика әдістеріне көрсеткіштерді анықтау және олардың нәтижелерін талдау.
- Өмірге қауіпті және шұғыл жағдайларда білікті көмек көрсету.