Пульмонология (ересектер, балалар)

Білім беру бағдарламалары тобы: R007 Пульмонология (ересектер, балалар)

Шифр: 7R01123

Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 140 кредит

Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы

1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге

Пульмонология (ересектер, балалар)
Ибраева Ләзәт Кәтәйқызы
Ибраева Ләзәт Кәтәйқызы
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Миссия

Пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілеті жоғары білікті пульмонолог-дәрігерді дайындау, өмір бойы медицинада, ғылымда және тәжірибеде озық инновациялық технологияларды қолдану және дамыту, халықтың денсаулығын нығайту.

Сіз не үйренесіз?

1 курс
  • Пульмонология негіздері;
  • Пульмонологиядағы диагностиканың функционалдық әдістері;
  • Диагностиканың визуалды әдістерінің диагностикалық мәні мен интерпретациясы;
  • Тыныс алу органдары ауруларының патоморфологиясы;
  • Диагнозды верификациялау және медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде тыныс алу органдарының жалпы аурулары бар ересектер мен балалар жасындағы пациенттерді басқару тактикасы.
2 курс
  • Диагностикалық және санациялық эндоскопия жүргізу;
  • Фтизио - және онкопульмонология негіздерін;
  • Диагнозды верификациялау және тыныс алу органдарының интерстициальды;
  • Орфандық, іріңді, кәсіптік аурулары;
  • Бронх-өкпе жүйесінің даму ауытқулары;
  • Тыныс алу органдарының генетикалық детерминирленген аурулары;
  • Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде ұйқыдағы тыныс алу бұзылыстары бар пациенттерді жүргізу әдістері мен балалар мен ересектер пульмонологиясында тыныс алуды қолдау және өкпені оңалту;
  • Диагностика және шұғыл көмек көрсету принциптері.

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін; клиникалық көріністерін анықтаумен және синдромдарды бөліп көрсетумен пульмонологиялық аурулардың дамуының патогенетикалық механизмдерін; пульмонологиялық бейіндегі аурулардың рационалды фармакотерапиясы мен дәлелді медицинасы мәселелерін білуді көрсету.
  2. Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде пульмонологиялық патологиясы бар ересек және бала жастағы науқастарға диагноз қою және емдеуді, профилактиканы, медициналық оңалтуды, динамикалық бақылауды жүзеге асыру; өкпе туберкулезін және тыныс алу органдарының онкологиялық ауруларын анықтау бойынша менеджментті жүзеге асыру, оларды пульмонологиялық аурулармен саралай білу.
  3. Көрсеткіштерді анықтау және пульмонологиялық аурулары бар науқастарды инвазивті емес респираторлық қолдау режимдерін таңдау.
  4. Пульмонологиялық аурулар кезінде функционалдық зерттеу әдістерін жүргізу және олардың нәтижелерін түсіндіру.
  5. Әртүрлі патологиялық процестерде органдар мен тіндердегі патоморфологиялық өзгерістерді түсіндіру.
  6. Пульмонологиялық аурулары бар науқастарда диагностиканың визуалды әдістерін жүргізу үшін көрсеткіштерді анықтау және олардың нәтижелерін түсіндіру.
  7. Интервенциялық пульмонологияның негізгі диагностикалық және емдік процедураларын жүргізу (ассистенттеу), диагностиканың интервенциялық әдістерінің нәтижелерін интерпретациялау; шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда білікті медициналық көмек көрсету.
Пульмонология (ересектер, балалар)

Жұмысқа орналастыру

Білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін түлектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында ересектердің, балалардың дәрігер пульмонологы (эндоскопия, мамандық шеңберіндегі функционалдық диагностика) болып жұмыс істей алады, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жеке практикаға құқық ала алады.