Психиатрия (ересектер, балалар)
Білім беру бағдарламалары тобы: R013 Психиатрия (ересектер, балалар)
Шифр: 7R01122
Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 140 кредит
Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы
1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге
Миссия
Психиатриялық денгейінде науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, медицинада, ғылым мен тәжірибедеозық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға, халықтың денсаулығын нығайтуға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Мамандар мемлекет және әлемдік қоғамдастық деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің өзгермелі жағдайларына бейімделуге, өмір бойы оқытуды жалғастыруға, қоғамның дамуына үлес қосуға дайын болуы тиіс.
Сіз не үйренесіз?
- Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарда оның ішінде балалар мен жасөспірімдерде заманауи жіктеулерді ескере отырып, синдромдық және нозологиялық диагнозды қою арқылы дифференциалды диагностика жүргізу, шағымдарды, анамнестикалық мәліметтерді, негізгі психопатологиялық симптомдар мен синдромдарды анықтау, сипаттау және медициналық құжаттамаға енгізу арқылы психиатриялық тексеру жүргізу дағдыларын көрсету;
- Психофармакотерапияны және психотерапия негіздерін психикалық және мінез-құлық бұзылыстарын, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді кешенді емдеуде қолдану дағдыларын көрсету;
- Психиатриядағы шұғыл жағдайлар және оларды емдеу әдістері, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер туралы білімдерін көрсету;
- Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың емдік процесі мен әлеуметтік оңалту процесін оңтайландыру үшін науқастармен, олардың отбасыларымен, сондай-ақ медициналық қызметкерлермен және әріптестермен кәсіби қарым-қатынас дағдыларын көрсету.
- Жалпы және жеке психиатрия туралы білімдерін көрсету; емдеу процесінде амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәлелді медицина қағидаттарына негізделген терапия мен әлеуметтік оңалтудың заманауи тәсілдерін қолдану; медициналық құжаттаманы жүргізу кезінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану (КМАЖ және ГАЖ-да жұмыс істеу);
- "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы "Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің (19.04.2019 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) нормативтік құжаттарының сақталуын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында психиатриялық көмекті ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді және құпиялылықтың, ақпараттандырылған келісім мен іскерлік практиканың этикалық қағидаттарын меңгеру;
- Дәлелді медицина принциптеріне негізделген заманауи терапевтік стратегияларды ескере отырып, зерттеу жұмысына қабілеттілігін көрсету, алынған ақпаратты талдау және терапевтік және оңалту процестерінің нәтижелерін бағалау;
- Пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа түрлеріне белсенді қатысу.
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Психикалық ауытқулары бар науқастарды қарау, анамнезін жинау, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің, негізгі симптомдар мен синдромдарды анықтай отырып, қазіргі заманың нозологиялық жіктелулерімен, ажыраттпалы диагностиканы жүргізу және оларды медициналық ауру тарихын сипаттап жазуды білу, дағдыларды көрсету.
- Психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар науқастарда, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерде психофармакотерапия және негізгі психотерапиялық кешенді емдеуде қолдану дағдыларын білу.
- Психикалық ауытқулары бар науқастармен, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерде және олардың туыстарымен кәсіби қарым-қатынас дағдыларын білу, тиімді күтімді оңтайландыру үшін кәсіпқойлар арасындағы шеберлікті көрсету, сонымен қатар орта медициналық қызметкерлермен байланысты көрсету.
- Жалпы және жеке психиатрия туралы білімін көрсетіңіз; амбулаторлық және стационарлық деңгейде емдеу процесінде дәлелді медицина қағидасына негізделген терапия мен әлеуметтік оңалтуды заманауи тәсілдерін қолдану; медициналық құжаттарды жүргізуде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану.
- Қазақстан Республикасында белгіленген заңнамаға сәйкес, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық, әскери медициналық, мүгедектік сараптамаларын ұйымдастыру мен негізгі түсініктемелерінің дағдыларын үйрену.
- Психикалық және мінез-құлық бұзылысытарының эпидемиологиясы туралы статистикалық көрсеткіштердің дағдыларын білу.