Оториноларингология (ересектер, балалар)

Білім беру бағдарламалары тобы: R028 Оториноларингология (ересектер, балалар)

Шифр: 7R01118

Оқу ұзақтығы: 3 жыл, 210 кредит

Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы

1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге

Оториноларингология (ересектер, балалар)
Есниязов Диас Кайратович
Есниязов Диас Кайратович
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Миссия

Оториноларингологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті, медицинада, ғылымда және тәжірибеде озық инновациялық технологияларды қолданатын және дамытатын, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалана алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.

Сіз не үйренесіз?

1 курс
  • Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі ЛОР ауруларын диагностикалау;
  • Дифференциалды диагностикалау әдістері;
  • Емхана жағдайында пациенттерді емдеу және басқару тактикасы.
2 курс
  • Қабыну аурулары, құлақтың, мұрынның және тамақтың шұғыл патологиясы;
  • Диагностика әдістері, дифференциалды диагностика;
  • Стационар жағдайында пациенттерді емдеу және басқару тактикасы.
3 курс
  • Сурдология, фониатрия;
  • Диагностика әдістері, дифференциалды диагностика;
  • Эндоскопиялық функционалды риносинус хирургиясының негіздері.

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Құлақ, тамақ және мұрын мүшелерінің клиникалық анатомиясы, гемостаз физиологиясы, сондай-ақ Лор профилі ауруларының патогенезі туралы білімдерін көрсетеді. Медициналық құжаттаманы пациенттерді есепке алудың электрондық жүйелерінде кешенді, уақтылы және анық жүргізеді.
  2. Жедел және созылмалы ЛОР ауруларын диагностикалау және емдеу әдістерін білетіндігін көрсетеді, амбулаториялық және стационарлық кезеңдерде оториноларингологияда шұғыл жағдайларға күдікті пациенттерді басқару тактикасын меңгерген.
  3. Жанашырлықты, адалдықты және басқа адамдарға деген құрметті көрсетеді. Жынысына, жасына, мәдениетіне, ұлтына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан әртүрлі пациенттерге сезімталдық пен жауаптылықты көрсетеді.
  4. Өзінің рөлдеріне, қабілеттеріне және біліктілігіне сәйкес міндеттерді орындайды, этикалық, құпия міндеттемелерді, медициналық этика мен деонтология талаптарын сақтайды және күнделікті тәжірибеде кері байланысты пайдаланады.
  5. Пациентке күтім жасау, құпиялылық, ақпараттандырылған келісім және іскерлік тәжірибені, соның ішінде тиісті заңдарды, саясат пен ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге қатысты этикалық принциптерге берілгендігін көрсетеді.
  6. Команданың жұмысын, оқу ортасын және медициналық көмек көрсету жүйесін жақсартатын көшбасшылық қасиеттерді, өзіне деген сенімділікті көрсетеді.
  7. Клиникалық мамандыққа жататын қолданыстағы медициналық көмек көрсету жүйесінде тиімді жұмыс істейді, медициналық көмек көрсетудің қолданыстағы нормативтік-құқықтық негіздеріне сүйене отырып, денсаулық сақтау жүйесінде пациенттерге күтім көрсетуді үйлестіре алады.
Оториноларингология (ересектер, балалар)

Жұмысқа орналастыру

ББ сәтті аяқталғаннан кейін түлектер мемлекеттік және жеке Денсаулық сақтау ұйымдарын-да ЛОР-дәрігер (ересек, балалар) ретінде жұмыс істей алады, ҚР қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жеке практикаға құқық ала алады