Отбасылық медицина

Білім беру бағдарламалары тобы: R038 Отбасылық медицина

Шифр: 7R01124

Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 140 кредит

Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы

1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге

Отбасылық медицина
Әбуғалиева Тілеужан Оразалықызы
Әбуғалиева Тілеужан Оразалықызы
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Миссия

Дәлелді медицинаның замануя қағидаларына сай терең клиникалық дайындығы бар, науқастарға білікті алғашқы медициналық көмекті көрсетуге қабілетті отбасылық дәрігерлерді дайындау

Сіз не үйренесіз?

1 курс
  • Отбасылық дәрігердің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді меңгеру, АМСК деңгейінде ақпараттық технологиямен жұмыс істеу.
  • Пациентке бағытталған күтімді қамтамасыз ету үшін топта жұмыс жасау.
  • Скринингтік бағдарламалармен, ауруларды басқару бағдарламасымен (АББ), жүкті және жас балаларды патронаждаудың әмбебап-прогрессивті моделімен (ПӘПМ), профилактикалық кеңес беру технологиясымен (жеке, топтық) жұмыс істеу.
  • Пациенттердің уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығына сараптама жүргізу және тіршілік ету қабілетінің шектелуін анықтау үшін ХКЖ қолдану.
  • Ересек тұрғындар арасында ішкі ағзалар аурулары бар пациенттерді басқару және емдеу, динамикалық бақылау, оңалту дағдыларын меңгеру.
2 курс
  • Жаңа туған балаларды патронаждау дағдыларын, баланың дамуын бағалау мониторингін, БШАКБ бағдарламасы бойынша балаларды жүргізу дағдыларын, АМСК деңгейінде жиі кездесетін аурулар бойынша балаларды басқару және емдеу, вакцинация мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру дағдыларын меңгеру.
  • Физиологиялық жүктілігі бар жүкті әйелдерді басқару, антенатальды күтім, экстрагенитальды аурулары бар жүкті әйелдерге, оның ішінде гипертониялық жағдайлары бар жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеру.
  • Контрацепция әдістері.
  • АМСК деңгейінде хирургиялық, травматологиялық, оториноларингологиялық, офтальмологиялық, онкологиялық, фтизиатриялық, дерматовенерологиялық, психиатриялық, неврологиялық аурулары бар пациенттерді жүргізу және емдеу, динамикалық бақылау дағдыларын меңгеру.
  • Паллиативті көмек дағдыларын меңгеру.
  • Шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету.

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Егде жастағы пациенттерді жүргізу дағдыларын меңгеру
  2. Аурулардың бастапқы профилактикасын жүргізу (профилактикалық қарап-тексеру, профилактикалық екпелер, скринингтер)
  3. Ауруларды басқару бағдарламасы және АМСКК деңгейінде жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі
  4. АМСК деңгейінде пациентке бағдарланған қарау қағидаларын меңгеру
  5. АМСКК деңгейінде коморбидті пациентті жүргізу және емдеу
  6. Өз жұмысында дәлелді медицина принциптерін қолдану
  7. Үйге шақыртуларға қызмет көрсету үшін айғақтарды анықтау және үйде стационар ұйымдастыру, емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациентті күндізгі стационарға немесе тәулік бойы стационарға жіберуді жоспарлау

Жұмысқа орналастыру

«Отбасылық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін түлектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында отбасылық дәрігер болып жұмыс істей алады, тиісті нормативтік-құқықтық актілерде жеке тәжірибеге құқық ала алады.