Нейрохирургия (ересектер, балалар)
Білім беру бағдарламалары тобы: R020 Нейрохирургия (ересектер, балалар)
Шифр: 7R01113
Оқу ұзақтығы: 4 жыл, 280 кредит
Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы
1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге
Тулеубаев Берик Еркебуланович
Білім беру бағдарламасының жетекшісі
Миссия
Білікті, бәсекеге қабілетті, клиникалық жұмыстарды, ғылыми зерттеулерді және үздіксіз кәсіби дамуды, сондай-ақ бүкіл еңбек жолында өзін-өзі дамытуға қабілетті ересектердің және балалардың нейрохирург дәрігерін дайындау.
Сіз не үйренесіз?
1 курс
- Есептік құжаттарды жүргізу;
- Нейрохирургиялық қарауды жүргізу;
- Науқастарды отаға дайындау;
- Нейрохирургиялық патологиясы бар науқастарға жеке ем тактикасын тағайындау;
- Жиі кездесетін патологиялық жағдайларды диагностикалау және емдеу.
2 курс
- Нейрохирургиялық мәселелері бар науқастарды диагностикалау және жүргізу;
- Ауыр қосымша аурулары бар науқастарды жүргізу ерекшеліктерін меңгеру (мысалы: БЦП және т.б. жүйке-жүйесінің бұзылуы, хрониодиализі бар науқастар, семіздік, ісіктер және т.б.);
- Клиникалық оқутышыдың бақылауымен түрлі ұсақ синтездерді дербес жүргізу.
3 курс
- Оперативті техникаларын дербес жасап, жақсарту (дербес жасай алатын оталар түрлерін көбейту);
- Асқынулары бар науқастарды диагностикалау және жүргізу;
- Кеңесті қабылдау кезінде кеш постоперационды кезендегі науқастарды жүргізу ерекшеліктері.
4 курс
- Оперативті техникаларын дербес жасап, жақсарту (дербес жасай алатын оталар түрлерін көбейту);
- Жоғары технологиялық оталарды жасау.
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Бас миы мен жұлынның, ЖЖЖ қан тамырларының және перифериялық жүйке жүйесінің топографиялық анатомиясын біле тұра, нейрохирургиялық аурулары кезінде клиникалық зерттеуді жүргізе білу.
- Семиотика және топикалық диагностика, бас-ми нервтерінің және жұлынның әр түрлі деңгейіндегі өткізгіш жолдардың нейрохирургиялық бұзылыстарында дұрыс зерттеу түрін тағайындау.
- Ми бағанның және мишықтың, ми қыртысының, қыртыс асты ганглилерінде, ішкі капсулада, перифериялық нервтер бұзылыстарындағы симптомокомплекстерді дұрыс анықтау.
- Нейрохирургиялық патологиясы бар науқастарды қарау жүргізу. УЗИ, МРТ, КТ, бас ми рентгенограммасын оқу білу.
- Науқастар мен туыстарымен белсенді тіл табыса білу, емдік процесске қатыстыру.
- Нейрохирургиялық науқастарды емдеу барысында мүмкін болатын асқынулардың қаупін бағалау білу.