Неврология (ересектер, балалар)

Білім беру бағдарламалары тобы: R037 Неврология (ересектер, балалар)

Шифр: 7R01112

Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 140 кредит

Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы

1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге

Неврология (ересектер, балалар)
Григолашвили Марина Арчиловна
Григолашвили Марина Арчиловна
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Миссия

Неврологиялық бейіндегі пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау, медицинада, ғылым мен практикада озық инновациялық технологияларды қолдану және дамыту, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалану, халықтың денсаулығын нығайту. Мамандар мемлекет және әлемдік қоғамдастық деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің өзгермелі жағдайларына бейімделуге, өмір бойы оқытуды жалғастыруға, қоғамның дамуына үлес қосуға дайын болуы тиіс.

Сіз не үйренесіз?

1 курс
  • Сана деңгейін анықтау, нейропсихологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып когнитивті қызметтерді зерттеу;
  • Бас-ми жүйкелері қызметтерін, бұлшықет тонусы, трофикасы, күші, рефлекторлы саланы, сезімталдылық, қозғалыс координациясын зерттеу;
  • Жұтыну тест скринингі техникасы мен әдісін;
  • NIHSS, Рэнкин, Бартел, Ривермид мобильділік индексі шкалалары арқылы инсульттің ауырлық деңгейін анықтау, оларды интерпретациялау;
  • Комалар шкаласы Глазго бойынша сана деңгейін бағалау;
  • Паркинсон ауруының диагностикалық критерийлерін анықтау;
  • Шашыранды склероз диагностикалық критерийлері/ Куртцке(EDSS) шкаласы, McDonaldW.I критерийлерін анықтау;
  • Миастения ауруының диагностикалық критерийлерін анықтау (протеинді сынама жүргізу техникасы мен әдісі);
  • Хаммерсмит бойынша жаңа туған нәрестелердің неврологялық статусын бағалау;
  • 5 айға дейінгі балаларда жалпы қозғалыс бағалау әдісін қолдану;
  • 6 минутты жүріс, Скотта Вьюнс шкаласы, баспалдақпен көтерілу тесті, Говерс, CHOP-INTEND, HINE модифицирленген тесті, CMARULM бар науқастарда Хаммерсмит тесттерін қолдану;
  • ҚХЖ (МКФ) қолдану;
  • Люмбальді пункция, ликвординамикалық сынамаларды жүргізу техникасы мен әдісі.
2 курс
  • Бас миы мен жұлынның компьютерлі-томографиялық және магниттірезонансты томографиялық зерттеулерінің, церебральды ангиография, электроэнцефалографии, бұлшықеттердің электроқозғыштығы мен электромиография, көз түбі мен көру алаңын зерттеу, брахиоцефальды қантамырлардың ультрадыбыстық зерттеуі, қанның биохимиялық талдауы, ИФА мен ПЦР, генетикалық зерттеу әдістері, люмбальды пункция нәтижелерін интерпретациялау;
  • Ауыр (емделмейтін) ауру туралы науқаспен және/немесе оның туыстарымен дұрыс сөйлесу (коммуникативті техникалар);
  • Куратор бақылдауымен бас миы бағанасының өлімінің констатациясы;
  • Емірге қатерлі жағдайларда ( бас миы ісінуі мен іркілуі синдромы, гипертониялық криз, бас миы қанайналымының жедел ишемиялық және геморрагиялық бұзылуы, коматозды жағдайлар, ұстамалық синдром, миастениялық криз) шұғыл неврологиялық көмек көрсету;
  • Емдік блокадалар жүргізу.

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Нерв жүйесінің анатомиясы мен физиологиясының негіздерін, неврологиялық аурулардың этиологиясы, патогенезі, эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, жіктелуі, диагностикасы және емдеу принциптері туралы қазіргі заманғы түсініктерді білу.
  2. Жалпы дәрігерлік манипуляция, анамнез жинау, науқастарды неврологиялық зерттеу, клиникалық симптомдар мен синдромдарды бөлу, дифференциалды диагностика жүргізу арқылы диагноз қою дағдыларын меңгеру.
  3. Диагноз қою үшін қажетті зерттеу әдістерін анықтау, қауіптерді бағалау және дәлелді медицина тұрғысынан диагностиканың тиімді әдістерін таңдау, зерттеудің функционалдық әдістерінің нәтижелерін түсіндіру және диагностикалық бағалауды жүргізу.
  4. Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, соның ішінде шұғыл неврологиялық жағдайларда алғашқы көмек пен реанимация кезінде диагностика және шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеру.
  5. Неврологиялық аурулар кезінде реабилитацияның принциптері мен әдістерін білу, тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін анықтау және уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу.
  6. Неврологиялық патологияның алдын алу, науқастарды диспансерлеу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
  7. Нерв жүйесі ауруларын емдеудің заманауи әдістерін дәлелді практикаға сәйкес қолдану және олардың тиімділігін анықтау.

Жұмысқа орналастыру

Оқу аяқталғаннан кейін түлектер дәрігер-невролог (ересектер, балалар) ретінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі келесі мекемелерде жұмыс істей алады:

- денсаулық сақтау мекемелері;

- білім беру мекемелері;

- ғылым мекемелері;

- әлеуметтік қорғау мекемелері.

Қолданыстағы нормативті-құқықтық акттарға сәйкес жеке практикаға құқық алу.