Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)

Білім беру бағдарламалары тобы: R011 Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)

Шифр: 7R01107

Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 140 кредит

Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы

1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге

Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)
Алшынбекова Гульшарбат Канагатовна
Алшынбекова Гульшарбат Канагатовна
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Миссия

Инфекционды профильде науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның талаптарын қанағаттандыратын, медициналық, ғылыми алдыңғы қатардағы инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға қабілетті кәсіби мамандар даярлау.

Сіз не үйренесіз?

1 курс
  • Ересектер мен балалардағы амбулаториялық деңгейде жұқпалы аурулардың заманауи диагностикасының, дифференциалды диагностикасының әдістерін;
  • Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және анықтау бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу.
2 курс
  • Ересектер мен балалардағы аурухана деңгейіндегі жұқпалы аурулардың диагностикасы, дифференциалды диагностикасының әдістерін;
  • Емдік және диагностикалық мақсатта жұлын пункциясын жасай отырып, нейроинфекциялық патологиясы бар науқастарды бақылау тактикасын;
  • Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ инфекциясы) тудыратын аурулар бойынша халыққа заманауи медициналық көмек көрсету.

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Инфекциялық науқасты бастапқы тексеруді тиімді жүргізу, жұқпалы науқастарды бақылау, жұқпалы науқастарға диагноз қою және емдеу.
  2. Жұқпалы аурулардың асқынуын болдырмау үшін клиникалық және зертханалық көрсеткіштер мониторингі мен операциялық реттеуді тиімді көрсету. Науқастар мен олардың отбасы мүшелеріне жұқпалы аурулардың алдын алу және халық арасында сауықтыру шараларын жүргізуді үйрету.
  3. Мамандық шеңберіндегі практикалық дағдыларды, манипуляциялар мен процедураларды тиімді көрсету.
  4. Жұқпалы науқастарға арналған аурухананың мамандандырылған бөлімінде, реанимация және аурухананың қарқынды емдеу бөліміне жедел жатқызу және жоспарлы госпитализацияға көрсеткіштерді бағалау дағдыларын көрсете алу. Алғашқы медициналық, жедел медициналық көмекті көрсете алу.
  5. Ауыр асқынуларға және (немесе) өлімге әкелуі мүмкін жұқпалы аурулардың негізгі емдік шараларын тиімді жүргізу; инфекциялық процесс барысындағы өмірге қауіп төндіретін бұзылыстарды уақтылы анықтау, оларды жедел жою әдістерін қолдану.
  6. Жеке қорғаныс құралдарын тиімді қолдану, аса қауіпті, әдеттегі инфекциялар анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.
Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)

Жұмысқа орналастыру

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін түлектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында инфекционист, ересек және балалардағы дәрігері болып жұмыс істей алады және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жеке практикамен айналысу құқығына ие болады.