Гастроэнтерология (ересектер, балалар)

Білім беру бағдарламалары тобы: R004 Гастроэнтерология (ересектер, балалар)

Шифр: 7R01104

Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 140 кредит

Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы

1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге

Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
Ларюшина Елена Михайловна
Ларюшина Елена Михайловна
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Миссия

Пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілеті жоғары білікті гастроэнтеролог-дәрігерді дайындау, өмір бойы медицинада, ғылымда және тәжірибеде озық инновациялық технологияларды қолдану және дамыту, халықтың денсаулығын нығайту.

Сіз не үйренесіз?

1 курс
  • Тамақтану негіздері;
  • Құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық диагностикасы;
  • Радиациялық диагностика әдістерінің диагностикалық мәні және интерпретациясы;
  • Диагностиканы тексеру және медициналық көмектің барлық деңгейлерінде асқазан-ішек жолдарының патологиясы бар ересек және балалар пациенттерін емдеу тактикасы;
  • Ішкі аурулар және педиатрия клиникасында диагностика және шұғыл көмек көрсету.
2 курс
  • Диагностикалық эндоскопия жүргізу және асқазан-ішек жолдарының жоғарғы және төменгі терапевтік эндоскопиясының негізгі процедуралары;
  • Онкология негіздері;
  • Асқорыту жүйесі ауруларының патоморфологиясы;
  • Диагностиканы тексеру және гепатобилиарлы патологиясы бар ересек және балалар науқастарын емдеу тактикасы, медициналық көмектің барлық деңгейлері.

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде ас қорыту мүшелерінің патологиясы бар ересек және бала жастағы пациенттерге диагноз қою және емдеуді, алдын-алуды, медициналық оңалтуды, динамикалық бақылауды жүзеге асыру.
  2. Онкологиялық ауруларды диагностикалау және асқазан-ішек жолдары мен бауырдың ісікалды патологиясы менеджментін жүзеге асыру.
  3. Науқастың нутрициологиялық статусын анықтау және асқорыту мүшелерінің аурулары кезінде оны түзету.
  4. Іш қуысы ағзаларына ультрадыбыстық зерттеу жүргізу және асқорыту ағзалары аурулары кезінде оның нәтижелерін интерпретациялау.
  5. Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы және төменгі бөлімдерінің диагностикалық эндоскопиясы мен емдік эндоскопияның базалық рәсімдерін жүргізуді көрсету.
  6. Шұғыл және өмірге қауіпті жағдайларда білікті көмек көрсету.
  7. Пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулықсақтау мамандарымен, оның ішінде пәнаралық және кәсіби аралық командалар құрамында тиімді өзара қатынасты көрсету.

Жұмысқа орналастыру

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін түлектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында ересектер мен балалар гастроэнтерологы (эндоскопия, ультрадыбыстық диагностика мамандығы бойынша) болып жұмыс істей алады және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жеке практикамен айналысу құқығына ие болады.