Фтизиатрия (ересектер, балалар)

Білім беру бағдарламалары тобы: R051 Фтизиатрия (ересектер, балалар)

Шифр: 7R01136

Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 140 кредит

Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы

1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге

Фтизиатрия (ересектер, балалар)
Табриз Нұрлан Сүлейменұлы
Табриз Нұрлан Сүлейменұлы
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Миссия

Фтизиатрия саласында теориялық білімі бар, сондай-ақ өкпе туберкулезбен ауратын науқастарға шұғыл және жоспарлы көмек көрсету үшін қажетті дағдыларды меңгерген білікті фтизиатр дәрігерін даярлауға бағытталған.

Сіз не үйренесіз?

1 курс
  • Ересектер мен балаларда туберкулезді ерте аңықтау мен алдын алу мақсатында амбулаторық-емханалық деңгейде туберкулзге қарсы көмек көрсету;
  • Ересектер мен балаларда өкпе және өкпеден тыс туберкулезді салыстырмалы диагностика жүргізу.
2 курс
  • Стационарлық деңгейде ересектер мен балаларға туберкулезге қарсы көмек көрсету;
  • Туберкулездің емдеу әдістері (химиотерапия, патогенетикалық терапия, хирургиялық емдеу әдістері, коллапсотерапия және оңалту терапиясы);
  • Сәулелі диагностика арқылы қалыпты, өкпелік және өкпеден тыс туберкулезді интерпретациялау, рентгенген мағлұматтары арқылы қорытынды жасау;
  • Туберкулезден тыс этиологиясы бар өкпе патологияларын диагностикалау әдістері және ажыратпалы диагностика жүргізу.

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Фтизиатриялық қызметті ұйымдастыру саласындағы білімін көрсетеді. Науқастарды есепке алудың электрондық жүйелерінде медициналық құжаттаманы кешенді, уақтылы және анық жүргізеді.
  2. Өкпе және өкпеден тыс туберкулезді диагностикалау және емдеу әдістерін білетіндігін көрсетеді, амбулаториялық және стационарлық кезеңдерде фтизиатрияда шұғыл жағдайларға күмәнді науқастарды басқару тактикасын меңгереді.
  3. Басқа адамдарға жанашырлық, адалдық және құрмет көрсетеді. Жынысына, жасына, мәдениетіне, ұлтына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан әртүрлі пациенттерге шынайы түсінік пен жауапкершілікті көрсетеді.
  4. Өзінің рөлдеріне, қабілеттеріне және біліктілігіне сәйкес міндеттерді орындайды, этикалық, құпия міндеттемелерді, медициналық этика мен деонтология талаптарын сақтайды және күнделікті тәжірибеде кері байланысты пайдаланады.
  5. Пациентке күтім жасау, құпия сақтау, ақпараттандырылған келісім және іскерлік тәжірибені, соның ішінде тиісті заңдарды, саясат пен ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге қатысты этикалық принциптерге сүйенеді.
  6. Команданың жұмысын, оқу ортасын және медициналық көмек көрсету жүйесін жақсартатын көшбасшылық қасиеттерді, өзіне деген сенімділікті көрсетеді.

Жұмысқа орналастыру

Білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін түлектер мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында фтизиатр-дәрігер ретінде жұмыс істей алады, ҚР қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жеке практикаға құқық ала алады.