Эндокринология (ересектер, балалар)
Білім беру бағдарламалары тобы: R008 Эндокринология (ересектер, балалар)
Шифр: 7R01131
Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 140 кредит
Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы
1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге
Миссия
Эндокринологиялық саладағы науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде қоғам мұқтаждықтарын қанағаттандыра алатын жоғары білікті мамандарды дайындау, медицина, ғылым мен практикада озық инновациялық технологияларды қолдану және дамыту, ақпараттық және коммуникациялық технология жетістіктерін пайдалану, халық денсаулығын нығайту. Мемлекет және әлем қауымдастығы деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің құбылмалы жағдайларына бейімделуге мамандар дайын болуы керек, өмір бойы оқуларын жалғастырып, қоғам дамуына өз үлесін қосуы қажет.
Сіз не үйренесіз?
- Ішкі секреция бездерінің патологиясы және қант диабетімен ересектер мен балалардағы медициналық көмектің барлық деңгейінде диагностиканы тексеру және емдеу тактикасы негіздерін, ішкі секреция бездерінің жедел декомпенсациялары мен функционалдық бұзылыстары кезінде шұғыл көмек көрсетуді, эндокринологиялық науқастарда әртүрлі зертханалық зерттеулерді түсіндіруді, ішкі және балалар ауруларының негіздерін
- Диагнозды верификациялау және гипоталамус-гипофиз жүйесі және бүйрек үсті бездерінің патологиясы, сүйек тінінің және қалқанша маңы бездерінің патологиясымен пациенттерді жүргізу тактикасын, эндокриндік ауруларымен ересек және бала жастағы пациенттерге жоғары мамандандырылған көмек, репродуктивті жүйенің жағдайын және эндокриндік жүйенің әртүрлі аурулары кезіндегі жүктілік пен босануды жүргізу алгоритмдерін анықтауды, диагностикалық мәнді және эндокринологиядағы диагностиканың сәулелік әдістерін түсіндіруді.
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Аурухана және емхана жағдайында дәлелді медицина қағидаларына және ҚР хаттамаларына сәйкес эндокриндік бездердің патологиясы мен қант диабеті бар ересек және бала жасындағы науқастарды динамикалық бақылау, медициналық реабилитация, алдын алу, емдік шараларды жүргізу және диагностикалау, эндокриндік бездердің функциональдық бұзылыстары мен жедел декомпенсация кезінде жедел көмек көрсету.
- Мамандандырылған эндокриндік көмек көрсетудің әртүрлі деңгейінде балалар мен ересектердегі ішкі ауруларды диагностикалау және емдеу жүргізу.
- Әртүрлі эндокриндік жүйе аурулары кезінде науқастардың репродуктивті жүйе жағдайын, босану және жүктілікті жоспарлау мүмкіндіктерін, босану және жүктілікті жүргізу алгоритімін анықау.
- Ішкі аурулар мен эндокриндік без патологиясын диагностикалаудың әртүрлі сәулелі әдістерін жүргізуге қатысу, зерттеу нәтижелерін талдау.
- Әртүрлі зертханалық зерттеулерді біршама тиімді қолдануды шеберлікпен көрсету және оларды эндокринологиялық науқастарда тереңнен талдау.
- Гипофиз, орталық жүйке жүйесі және сүйек тін метоболизмінің бұзылыстары кезінде жоғары мамандандырылған көмек көрсету және диагностикалау.
- Науқаспен және науқастың ортасымен, денсаулық сақтау жүйесінің мамандарымен қарым-қатынас жасау, сонымен қатар науқастардың нәтижелері үшін тәртіпаралық және кәсіпаралық топтар құрамында жақсы жетістікке жету мақсатта қарым-қатынас жасау.