Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)

Білім беру бағдарламалары тобы: R017 Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)

Шифр: 7R01102

Оқу ұзақтығы: 3 жыл, 210 кредит

Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы

1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге

Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)
Васильев Дмитрий Владимирович
Васильев Дмитрий Владимирович
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Миссия

Анестезиология және реаниматология саласында патологиялық синдромның ауырлығына, халыққа медициналық көмек көрсетуді жетілдіру үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігіне сәйкес, ағзаның өмірлік маңызды функциясының сыни бұзылуымен әртүрлі жастағы емделушілерге интенсивті терапия іс-шараларын жоспарлай және жүзеге асыра алатын жоғары білікті мамандар даярлау.

Сіз не үйренесіз?

1 курс
  • Жоспарлы және шұғыл операциялар алдында реанимациялық бейіндегі науқасты қарау әдістемесіне;
  • Науқастарды ОРИТ-ке және одан ауыстыру үшін көрсеткіштерді анықтау;
  • Клиникалық тәлімгердің басшылығымен анестезия жүргізу;
  • Клиникалық тәлімгердің басшылығымен реанимациялық бейіндегі науқастардың жай-күйіне мониторинг жүргізу.
2 курс
  • ОРИТ-дағы балалар мен ересектерге қарқынды терапия жоспарын жасау;
  • Клиникалық тәлімгердің басшылығымен реанимациялық бейіндегі пациенттерді жүргізу;
  • Әртүрлі бейіндегі науқастарда жүрек-өкпе реанимациясының кеңейтілген кешенін жүргізу;
  • Клиникалық тәлімгердің басшылығымен анестезияның барлық түрлерін өз бетінше жүргізу.
3 курс
  • Кешенді медициналық ақпараттық жүйеде құжаттаманы толтыру;
  • Реанимациялық бейіндегі науқастардың жай-күйін және ықтимал асқынуларын болжау;
  • Клиникалық тәлімгердің басшылығымен реанимациялық пациенттерді дербес жүргізу.

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Бірінші кезектегі нақты және сабақтас емдеу шараларының сипатын анықтай отырып, науқастың жағдайының ауырлығын анықтайтын жетекші патологиялық синдром диагнозын қояды.
  2. Энтеральді-парентеральді тамақтануды, кейіннен қан компоненттері мен препараттарын инфузиялауды және/немесе трансфузиялауды жүзеге асыра отырып жүргізуге көрсеткіштерді және әртүрлі трансфузиядан кейінгі асқынуларды уақтылы диагностикалау мен емдеуді ескере отырып, сұйықтықтарға, электролиттерге, дәрілік препараттарға қажеттілікті, оларды ересектер мен балаларға инфузиялау жылдамдығын есептеудің білімі мен дағдыларын көрсетеді.
  3. Ересектер мен балалардағы тыныс алу жолдарын қалпына келтіру дағдыларын көрсетеді.
  4. Жоспарлы және шұғыл операция алдында әртүрлі бейіндегі пациенттерді қарау, дайындау және тексеру білімі мен дағдыларын көрсетеді.
  5. Науқастарды қарқынды терапия бөлімшесіне және одан ауыстыру үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді уақтылы айқындайды.
  6. Науқастарды клиникалық және аспаптық-зертханалық тексеру, тыныс алу мен қан айналымын мониторингілеу нәтижелерін түсіндіру дағдыларын көрсетеді.
  7. Ғылыми негізделген тәсіл тұрғысынан пациенттердің жай-күйінің динамикасы туралы клиникалық пайымдау үшін реанимациялық бейіндегі науқастарға тексерудің нақты көлемін таңдау және тағайындау, диагностика мен емдеу нәтижелерін жинау және талдау бойынша іскерліктерді көрсетеді.
Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)

Жұмысқа орналастыру

Білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін түлектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында дәрігер анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істей алады, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жеке практикаға құқық ала алады.