Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)
Білім беру бағдарламалары тобы: R003 Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)
Шифр: 7R01103
Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 140 кредит
Қабылдау шарттары: жоғары медициналық білімнің, интернатураның болуы немесе жоғары медициналық білім беру бағдарламасы бойынша «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы, дәрігердің сертификаты, білім алушыларды қабылдау саясатына сәйкес түсу емтиханы
1 жылдың оқу ақысы: 2 000 000 теңге
Дедова Ольга Юрьевна
Білім беру бағдарламасының жетекшісі
Миссия
Дәлелді медицинаның заманауи қағидаттарына сәйкес аллергиялық аурумен және иммундық жүйенің патологиясымен науқасқа көмек көрсете алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Сіз не үйренесіз?
1 курс
- Иммунология және аллергология негіздерін;
- Пациентті тексерудің объективті әдістерін қолдана отырып, аллергиялық аурулар мен иммунопатологияның ықтимал себептерін анықтауды;
- Диагнозды верификациялауды және ересектер мен балаларды емдеу амалдарына;
2 курс
- Диагностикалық зертханалық тексеруді жүргізу және терілік аллергиялық сынамаларын жүргізуді;
- Иммунопатологиясы және аллергиялық аурулары бар ересектер мен балалардың диагнозын верификациялау және олардың емін жүргізуді;
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Науқасты объективті тексерудің әдістерін қолдана отырып, аллергиялық аурудың және иммунопатологияның ықтимал себептерін анықтайды.
- Аллергиялық аурудың диагнозын клиникалық классификацияға сәйкес оның формасын, фазасын, ағымын анықтай отырып, қалыптастырады.
- Науқастың жағдайының ауырлығын бағалап, көмекке қажетті шаралардың көлемі мен реттілігін анықтайды.
- Аллергиясы және иммунопатологиясы бар науқастарда қосалқы жүретін аурулар мен асқынуларды емдеудің фармакотерапиялық әдістерін қолданады.
- Терілік аллергиялық сынамаларды (скарификациялық, тері ішілік, prick-test, апликациялық, ингаляциялық) қолдану және оларды бағалай біледі.
- Бронх демікпесінің өршуі кезінде небулайзер терапиясын жүргізеді және науқасты құрылғыны қолдануға үйретеді (небулайзер, пикфлоуметрия).
- Әлеуметтік-экономикалық және мәдени дәстүрлерді ескере отырып, жағдайларға байланысты пациенттермен, олардың жанұясымен және бұқарамен тиімді байланыс жасайды.
- Клиникалық мамандыққа байланысты медициналық көмектің қолданыстағы жүйесінде тиімді жұмыс істейді, медициналық көмек көрсетудің қолданыстағы нормативтік-құқықтық базасын негізге ала отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі пациенттерге көмек көрсетеді.