Медициналық-профилактикалық ісі

Дәреже: «Медициналық-профилактикалық ісі» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау магистрі одан әрі «дәрігер гигиенист-эпидемиолог» біліктігінің тағайындалуымен

Білім беру бағдарламалары тобы: BM089 Медициналық-профилактикалық ісі

Шифр: 6B10116

Оқу ұзақтығы: 5 жыл, 300 кредит

Қабылдау шарттары: ҰБТ нәтижесі 70 баллдан кем емес

Негізгі пәндер: химия, биология

1 жылдың оқу ақысы: 1 300 000 теңге

Медициналық-профилактикалық ісі
Галаева Аза Исаевна
Галаева Аза Исаевна
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және қоғамдық денсаулық саласындағы кәсіби қызметтің негізгі міндеттерін шешу үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгерген маман даярлау болып табылады.

Миссия

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және халықтың денсаулығын сақтау саласындағы кәсіби қызметтің негізгі міндеттерін шешуге қажетті білімі мен дағдысы бар маманды даярлау.

Сіз не үйренесіз?

1 курс
Білімі мен дағдылары:
  • Акпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында;
  • Қазақ (орыс) және ағылшын тілдері;
  • Анатомия, физиология және молекулярлық биология негіздері;
  • Адам анатомиясы және физиологиясы, сонымен қатар молекулярлық биология.
2 курс
Білімі мен дағдылары:
  • Әлеуметтік-саяси пәндер, философия саласында;
  • Іргелі медициналық ғылымдар негіздері;
  • Шұғыл көмек көрсету;
  • Зерттеудің статистикалық әдістері;
  • Жалпы гигиена және экология;
  • Жұқпалы аурулар және фтизиатрия;
  • Менеджмент.
3 курс
Базалық білімі мен дағдылары:
  • Биоэтика;
  • Коммуналдық гигиена;
  • Тағам гигиенасы;
  • Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы;
  • Еңбек гигиенасы, физиологиясы;
  • Эпидемиология;
  • Басқару психологиясы.
4 курс
Базалық және кәсіби білімі мен дағдылары:
  • Тағам гигиенасы;
  • Радиациялық гигиена;
  • Білім беру гигиенасы;
  • Балалар мен жасөспірімдер патологиясы;
  • Биологиялық қауіпсіздік;
  • Эксперименттік зерттеу жұмысы.
5 курс
Арнайы білімі мен дағдылары:
  • Стратегиялық және операциондық менеджмент;
  • Жобаларды басқару;
  • Жұқпалы емес аурулар эпидемиологиясы гигиена және эпидемиология бойынша интернатура қарастырылған.

Білім беру барысында сіздерді денсаулық сақтау ұйымдарында және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдарында кәсіби тәжірибе күтеді

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіретін проблемаларды анықтау және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер шеңберінде олардың алдын алу және жою шараларын жүргізу.
  2. Мәліметтерді зерттеуге, жинауға, таратуға және пайдалануға қатысты сәйкес этикалық тәжірибе принциптерін қолдану.
  3. Эпидемиологиялық жағдайға, эпидемиологиялық зерттеулер нәтижелеріне немесе басқа мәліметтерге негізделген нақты бақылау шаралары мен басқару іс-әрекеттерін ұсыну.
  4. Алдын алу шараларын әзірлеу үшін адам денсаулығы мен аурулардың себептері туралы заманауи білімді пайдалану.
  5. Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мониторинг, бақылау және қадағалау шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін зертханалық әдістер мен ресурстарды пайдалану.
  6. Эпидемиологиялық тәжірибе үшін мәліметтерді жинау, өңдеу және талдаудың инновациялық технологиясын пайдалана отырып қоршаған орта объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен кәсіби қызмет көрсеткіштерін бағалау.
  7. Тиімді коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, әріптестермен, денсаулық сақтау мамандарымен, оның ішінде пәнаралық және кәсіпаралық командалардың құрамында, тиімді өзара әрекеттесуді көрсету.
  8. Эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері негізінде ұлттық, аймақтық және популяциялық деңгейлерде қоғамдық денсаулық бағдарламаларын әзірлеу.
  9. Кәсіби қызмет процестерін басқару, оның қаржылық механизмдерін түсіну және іс-шаралар мен жұмыс көлемін жоспарлау кезінде оларды ескеру, оларды іс жүзінде қолдана білу.
  10. Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты және биологиялық қауіпсіздікті, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде, сақтау бойынша профилактикалық шараларды әзірлеу және енгізу.
  11. Шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету.

Жұмысқа орналастыру

Білім беру бағдарлмасын аяқтағаннан кейін т.лектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істей алады:
  • Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының маманы;
  • Бактериологиялық және токсикологиялық зертханалардың қызметкері;
  • Ғылыми орталықтар мен институттарға ғылыми қызметкер
  • Эпидемиолог
  • Микробиолог
  • Денсаулық сақтау менеджмері
  • Медициналық статист
  • Денсаулық сақтау ұйымдарының әдіскері
  • Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман
  • Медициналық колледждің оқытушысы
  • Салауатты өмір салтын ұстанатын маман