Медициналық-профилактикалық ісі (бейіндік бағыт)
Дәреже: «медициналық-профилактикалық ісі» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулықсақтау магистрі
Білім беру бағдарламалары тобы:M145 Медициналық-профилактикалық ісі
Шифр: 7М10121
Оқу ұзақтығы: 1 жыл, 60 кредит
Қабылдау шарттары: кешенді тестілеу
1 жылдың оқу ақысы: 600 000 теңге
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы
Халықтың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайын жоғары білікті мамандарды даярлау.
Миссия
Халықтың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайын жоғары білікті мамандарды даярлау.
Сіз не үйренесіз?
Базалық және кәсіби білімі мен дағдылары:
- Басқару психологиясы;
- Менеджмент;
- Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы;
- Тамақтану гигиенасы;
- Коммуналдық гигиена;
- Еңбек медицинасы.
Білім беру барысында сіздерді денсаулық сақтау ұйымдарында кәсіби тәжірибе күтеді
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Іскерлік және кәсіби қарым-қатынас үшін шет тілін қолдану.
- Халықтың, қоғамдастықтың мүшелерімен, ұйымдармен, билік органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен жауапкершілікті және денсаулық сақтау үшін адамдардың таңдауын алға тарта отырып, салааралық тиімді өзара әрекеттесуді құру.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің жалпы ғылыми әдіснамасын, логикасын және технологиясын, оның нәтижелерін ғылыми өнімнің әртүрліны сандарындар есімдеу дағдыларын меңгеру.
- Қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын статистикалықталдау мен бағалауды жүргізу, денсаулық параметрлерін және денсаулық сақтау жүйелерінің жекелеген элементтерін модельдеу, болжау және орындау.
- Кәсіби қызметінде қоршаған орта мен өнімдердің сапасына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар туралы білімді қолдану.
- Қоршаған орта объектілеріндегі патогенді, шартты-патогенді және санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдердің өміршеңдігі туралы білімді олардың қоршаған ортадағы, ауыз су мен тамақтағы құрамы мен айналымын шектеу мақсатында алдын алу шараларын әзірлеу үшін қолдану.
- Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы ҚР заңнамалық құжаттарын, ҚР санитарлық, табиғаттық орғаузаңнамасын, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қызметінің құқықтық негіздерін және жұмыс орындары мен елдімекендердің объектілеріндегі инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің құжаттамасын пайдалану.
- Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзегеа сыру.
- Тұрғындардың денсаулығына қоршаған орта факторларының, өндірістікфакторлардың, тамақөнімдерінің әсерін анықтау және талдау.
- Зертханалық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, адамның тіршілік ету ортасы объектілерінің жай-күйін зерттеу және бағалау, осы ортаның әртүрлі факторларының әсеріне байланысты халықтың денсаулық жағдайы туралы деректерді жинау және талдау.
- Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін көзделген есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу.
Жұмысқа орналастыру
Білім беру бағдарлмасын аяқтағаннан кейін т.лектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істей алады:
- Коммуналдық гигиена, тағам гигиенасы, білім беру және тәрбиелеу объектілерінің бақылау және қадағалау, еңбек гигиенасы, радиациялық гигиена жөніндегі маман, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қомитеті ұйымдарының эпидемиологы (СЭБК);
- Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының маманы;
- «Ұлттық санитрлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» (ҰСЭСО) ШЖҚ РМК мекемелерінің дәрігер-зертханашысы);
- Денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарының эпидемиологы;
- Өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік гигиена жөніндегі маман;
- Қоршаған орта қорғау жөніндегі маман;
- Диетолог, нутрициолог.