Медициналық-профилактикалық іс (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Дәреже: «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша медицина ғылымдарының магистрі

Білім беру бағдарламалары тобы: M145 Медициналық-профилактикалық іс

Шифр: 7М10122

Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 120 кредит :

Қабылдау шарттары: кешенді тестілеу

1 жылдың оқу ақысы: 1 320 000 тенге

Медициналық-профилактикалық іс (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Калишев Марат Гузаирович
Калишев Марат Гузаирович
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

«Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының магистрі барлық негізгі OFOS мәселелерін шешуге қатысады:

  1. Халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қадағалау және бағалау.
  2. Денсаулыққа қауіп төндіретін және денсаулыққа қатысты төтенше жағдайларды бақылау және әрекет ету.
  3. Денсаулықты қорғау, оның ішінде экологиялық, еңбек, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.
  4. Денсаулықты нығайту, оның ішінде әлеуметтік детерминанттарды шешу және денсаулық саласындағы теңсіздіктерді азайту.
  5. Аурудың алдын алу, оның ішінде денсаулық проблемаларын ерте анықтау.

Миссия: Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы кәсіптік және ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Іскерлік және кәсіби қарым-қатынас үшін шет тілін қолдануға қабілетті болады
  2. Тұрғындардың денсаулық пайдасына ортақ жауапкершілік пен таңдауға ықпал ететін халықпен, қоғамдастық мүшелерімен, ұйымдармен, билік органдарымен, БАҚ-пен тиімді сектораралық өзара іс-қимылды құруға қабілетті болады.
  3. Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің жалпы ғылыми әдіснамасын, логикасы мен технологиясын меңгереді, оның нәтижелерін ғылыми жұмыс түрінде әртүрлі нысандарында ресімдей алады, ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, қоғамдық қызметті, ЖЖОКБҰ-да білім алушыларды әлеуметтендіруін және стейкхолдерлермен өзара әрекеттесуін жүзеге асыра алады.
  4. Қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын статистикалық талдау мен бағалауды жүргізуді, денсаулық параметрлерін және денсаулық сақтау жүйелерінің жекелеген элементтерін модельдеуді, болжауды орындауға қабілетті болады.
  5. Кәсіби қызметінде қоршаған орта мен өнімдердің сапасына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар туралы білімді қолдана алады.
  6. Қоршаған орта объектілеріндегі патогенді, шартты-патогенді және санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдердің өміршеңдігі туралы білімді олардың қоршаған ортадағы, ауыз су мен тамақтағы құрамы мен айналымын шектеу мақсатында алдын алу шараларын құрастыра білуді қолдана алады.
  7. Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық құжаттарын, Қазақстан Республикасы санитарлық, табиғаттық орғаузаңнамасын, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қызметінің құқықтық негіздерін және жұмысорындары мен елдімекендердің объектілеріндегі инфекциялық және инфекциялықемес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің құжаттамасын өзінің кәсіптік қызметінде пайдаланады.
  8. Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қабілетті болады.
  9. Қоршаған орта факторлары, өндірістік факторлар, тамақ өнімдері және тұрғындардың денсаулығы арасындағы өзара байланысты анықтауға, алуға және талдауға қабілетті болады.
  10. Зертханалық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, адамның тіршілік ету ортасы объектілерінің жай-күйін зерттей және бағалай алады, осы ортаның әртүрлі факторларының әсеріне байланысты халықтың денсаулық жағдайы туралы деректерді жинайды және талдау жүргізеалады.
  11. Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мекемелерінде қарастырылғын есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуге қабілетті болады
  12. Жоғары мектептің педагогика және психология негіздерібілімін, қазіргі заманға сай тиімді педагогикалық технологияларды, оқыту және бағалау түрлері мен әдістерін меңгеру, білім беру бағдарламаларын құрастыру және оларды әдістемелік қамтамасызету білімдерін қолдана алады

Жұмысқа орналастыру

Кәсіби қызмет саласы: білім, ғылым, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және сараптама, мектеп медицинасы, тамақтану, өнеркәсіп, экология.

Кәсіби қызметтің объектісі:

  • жоғары және орта медициналық оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және сараптама ұйымдары;
  • денсаулық сақтау органдары,
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен кәсіпорындар,
  • өнеркәсіптік және коммуналдық объектілер;
  • экологиялық қызмет.

Кәсіби қызмет бағыттары:

  • педагогикалық;
  • ғылыми зерттеулер;
  • әкімшілік және басқарушылық;
  • халықтың денсаулығын қорғау;
  • халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
  • аналитикалық;
  • сарапшылық және кеңес беру;
  • санитарлық-ағарту.