Фармация (бейіндік бағыт)

Дәреже: денсаулық сақтау магистры "Фармация" білім беру бағдарламасы бойынша

Білім беру бағдарламалары тобы: M142 Фармация

Шифр: 7M10105

Оқу ұзақтығы: 1 жыл, 60 кредит

Қабылдау шарттары: КТ нәтижесі 75 баллдан кем болмау керек

1 жылдың оқу ақысы: 600 000 теңге

Фармация (бейіндік бағыт)
Абдрахманова Гульмира Марсовна
Абдрахманова Гульмира Марсовна
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Фармация ББ бойынша медицина ғылымдарының магистрлері – дәрілік құралдарды іздестіру, жасау, өндіру, нарыққа шығару және қолдануға байланысты ғылым және білім беру аясындағы фармацевтикалық дайындамалар, технология, әртүрлі текті дәрілік құралдардың сараптамасының ғылыми ұстанымдары мен әдіснамасын мүлтіксіз білетін, дәрілік құралдармен қамдауды ұйымдастыру және басқару, дәрілік құралдарды тіркеу, лицензиялау, стандарттау, сертификаттау жүйесі, дәрілік құралдардың өмірлік циклындағы әртүрлі кезеңдерінде сапасын қамтамасыз ету жүйесі бойынша дағдыларды игерген, сонымен қатар мамандықтың базалық және кәсіптік бағыттары бойынша педагогикалық құзіреттіліктерді меңгерген жан-жақты мамандар.

Миссия

Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің талаптарына және халықаралық стандарттарға жауап беретін қолданбалы медицина және фармацевтика ғылымдары мен фармацевтикалық практика саласындағы кәсіби мамандарды даярлау.

Сіз не үйренесіз?

1 курс

Білімдер мен дағдылар:

  • Қазақстан Республикасының тұрғындарын дәрілермен қамдау, фармацевтикалық менеджмент, жаңа дәрілік заттарды әзірлеу, клиникалық емес және клиникалық сынақтар жүргізу саласындағы жұмыстар;
  • Оқыту барысында өзекті қолданбалы мәселе бойынша магистрлік жоба орындалады.

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Дәрілік қамтамасыз ету мен фармацевтикалық өндірістің қазіргі ұлттық жүйесінің проблемаларын түсінеді және анықтайды, жаңа міндеттерді қою және шешу үшін кәсіби қызмет саласындағы бастапқы және арнайы білім мен дағдыларды пайдаланады;
  2. Міндеттерді қояды және нақты міндеттерді шешу кезінде зерттеулерді орындайды, олардың сапасына жауапкершілікті көрсетеді; әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру салдарын болжауға қабілетті;
  3. Талдауға және жүйелі ойлауға қабілетті; кәсіби ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, талдау және беру кезінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолданады
  4. Көшбасшылық қасиеттерге ие, менеджердің дағдыларын меңгерген, үдерістерді тиімді басқара алады және нәтижеге жету үшін әріптестермен өзара іс-қимыл жасай алады
  5. Зерттеу және өндірістік-технологиялық жұмыстардың нәтижелерін талдайды, ресімдейді, ұсынады және баяндайды, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысады.
  6. Тиісті фармацевтикалық тәжірибеге және халықаралық фармацевтикалық стандарттарға сәйкес фармацевтикалық ұйымдардың қызметін ұйымдастырады, жоспарлайды және талдайды
  7. Отандық, жақын және алыс шет елдердің нормативтік-техникалық құжаттамалары мен фармакопеялық стандарттарын саралайды; фармацевтика өнеркәсібінде қолданылатын дәрілік заттардың стандарттауын және сапасын бақылауды жүзеге асырады

Жұмысқа орналастыру

Біздің түлектер фармацевтік мекемелерде сапа бойынша мамандар ретінде жұмыс істей алады, сондай-ақ фармацевтік ұйымдарда және фармацевтік қызметті басқару органдарында басшылық лауазымдарға ие бола алады.