Фармацевтикалық өндіріс технологиясы (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Дәреже: «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Білім беру бағдарламалары тобы: M119 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Шифр: 7M07201
Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 120 кредит
Қабылдау шарттары: КТ нәтижесі кемінде 75 балл
1 жылдың оқу ақысы: 600 000 теңге
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы
Техника ғылымдарының магистрлері-қазіргі заманғы химия-фармацевтикалық өндірістерді ұйымдастыру және басқару дағдыларын меңгерген, әртүрлі шығу тегі мен түрлі дәрілік нысандардағы дәрілік заттарды әзірлеудің, өндірудің, сараптаудың ғылыми принциптерін, химиялық және фармацевтикалық аспектілерін мінсіз білетін кең бейінді мамандар. Бағдарлама түлектері жоғары деңгейде дәрі-дәрмек технологиясы және фармацевтика ғылымдары саласында ғылыми зерттеулер жүргізе алады, сондай-ақ мамандықтың базалық және бейіндік бағыттары бойынша педагогикалық құзыреттіліктерге ие.
Миссия
Ғылым, білім және практикадағы инновациялар арқылы ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес келетін фармацевтикалық ғылымдар мен фармацевтикалық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау
Сіз не үйренесіз?
Білім және дағдылар:
- Ғылыми зерттеулер жүргізудің философиясы мен әдіснамасы, дәрілік заттар мен басқа да фармацевтикалық өнімдерді әзірлеу және оларды өнеркәсіптік өндіру саласындағы жұмыс саласында және жоғары мектепте оқыту өнерін меңгеру, статистикалық талдау жүргізу дағдыларын меңгеру.
- Оқу барысында сізді университеттің зертханаларында және фармацевтикалық кәсіпорындарда кәсіби тәжірибе, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу және қызықты ғылыми жобаларды іске асыру мүмкіндігі күтеді.
Арнайы білім мен дағдыларды жетілдіру:
- Фармацевтикалық кәсіпорындарды басқару және халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету саласында жаңа дәрілік заттарды, оның ішінде табиғи және синтетикалық шыққан дәрілік заттарды әзірлеу және өндіру саласында.
- Фармацевтика ғылымы мен практикасының әртүрлі бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу, ғылыми пікірталастарға қатысу дағдыларын дамыту, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсыну, ғылыми мақалалар жазу, түрлі ғылыми форумдардаға қатысу.
Оқу барысында сізді педагогикалық және зерттеу практикасы, сондай-ақ зерттеу ұйымдарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі күтеді
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің және фармацевтикалық өндірістің қазіргі заманғы ұлттық жүйесінің проблемаларын түсінеді және анықтайды, жаңа міндеттерді қою және шешу үшін кәсіби қызмет саласындағы іргелі және арнайы білім мен дағдыларды пайдаланады;
- Фармацевтикалық ғылымдар мен технологиялардың тарихи және философиялық тұжырымдамаларын, олардың ғылыми дүниетанымды дамытудағы орнын түсінеді және терең түсінеді, ғылыми-зерттеу қызметіне қабілетті;
- Кәсіби ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, талдау және жеткізу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолданады;
- Ғылыми зерттеулер жүргізеді, зерттеулердің сапасы мен нәтижелердің ғылыми сенімділігі үшін жауапкершілікті көрсетеді; әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырудың салдарын болжауға қабілетті; талдау және жүйелі ойлау;
- Ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық жұмыстардың нәтижелерін талдайды, ресімдейді, ұсынады және баяндайды, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысады;
- Көшбасшылық қасиеттерге ие, әріптестерімен тиімді қарым-қатынас жасай алады, өз бетінше оқи алады және студенттер мен кәсіби топ мүшелерін оқыта алады, танымдық іс-әрекет психологиясын және заманауи білім беру технологияларын пайдаланады.