Биолог-зерттеуші (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Дәреже: жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Білім беру бағдарламалары тобы: M080 Биология
Шифр: 7M05102
Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 120 кредит
Қабылдау шарттары: шет тілі бойынша тестті (ағылшын, неміс, француз тілдерін таңдау бойынша), білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тестті, қазақ немесе орыс тілдерінде таңдау бойынша оқуға дайындығын анықтауға арналған тестті қамтитын КТ
1 жылдың оқу ақысы: 600 000 теңге
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы
Магистратура қолданбалы математика және/немесе деректерді талдау саласындағы мамандарға және өмір туралы ғылымдар саласында жұмыс істейтін және медициналық-биологиялық деректерді математикалық модельдеу және талдау дағдыларын меңгергісі немесе жетілдіргісі келетін мамандарға арналған. Бағдарлама биология мен медицинаның әртүрлі салаларындағы есептерді шешу мақсатында есептеу әдістерін әзірлеу және практикада қолдану құзыреті бар болашақ биоинформатикалық зерттеу көшбасшыларын даярлауға бағытталған.
Миссия
Биологиялық және биомедицина ғылымы саласындағы іргелі және қолданбалы біліммен жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алуға, ғылыми-зерттеу, кәсіби және практикалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту.
Сіз не үйренесіз?
- Ғылыми коммуникацияның заманауи әдістері мен технологиялары, педагогика, Кәсіби шет тілін еркін меңгеру, Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде оқытушылық және ғылыми-практикалық қызметке дайындық
- Кәсіби қызметте іргелі биологиялық түсініктерді пайдалану мүмкіндігі
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Педагогикалық, ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық қызметте ғылымдардың тоғысында іргелі және қолданбалы білім мен дағдыларды қолдану қабілеті.
- Себептерді, әсер ету механизмін, әртүрлі факторлардың әртүрлі генездің патологияларының дамуына әсерін анықтау және бағалау қабілеті, оларды диагностикалау үшін заманауи зертханалық зерттеу әдістерін қолдануға дайындығы.
- Теориялық-әдіснамалық білімді қолдану және жетілдіру және зерттеудің заманауи әдістері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу қызметін дербес жүзеге асыру қабілеті.
Жұмысқа орналастыру
- Ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- Ғылыми-өндірістік мекемелер;
- Биологиялық, микробиологиялық және медициналық бейіндегі өндірістік кәсіпорындар, биомедициналық және емдеу мекемелерінің зертханалары, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес жоғары кәсіптік білімнің болуын талап ететін басқа да мекемелер.