Қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Дәреже: «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулықсақтау магистрі
Білім беру бағдарламалары тобы: М139 – Қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент
Шифр: 7М10101
Оқу ұзақтығы: 2 жыл, 120 кредит
Қабылдау шарттары: кешенді тестілеу
1 жылдың оқу ақысы: 1 320 000 теңге
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы
Тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу дайындығы бар колледждер, оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Миссия
Тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу дайындығы бар колледждер, оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Сіз не үйренесіз?
Базалық және кәсіби білімі мен дағдылары:
- Ғылымның тарихы және философиясы;
- Басқару психологиясы;
- Ғылыми ақпаратты басқару. Зерттеуді басқару;
- Биостатистика;
- Корпоративтік басқару.
Базалық және кәсіби білімі мен дағдылары:
- Жобаны басқару;
- Тәуекелдерді басқару;
- Жоғары оқу орындарының педагогикасы;
- Денсаулық сақтау жүйелерін пайдалану және басқару.
Білім беру барысында сіздерді денсаулық сақтау ұйымдарында кәсіби тәжірибе күтеді
Оқытудың соңғы нәтижелері
- Тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымды басқарудың заманауи концепцияларын, денсаулық сақтауды басқару ерекшеліктерін білуді пайдалану.
- Әлеуметтік-экономикалық орта мен халықтың денсаулығы мен халық топтары арасындағы байланысты анықтау және талдау.
- Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың мәнін түсіну, кәсіпорынды дамытудың миссиясы мен мақсаттарын анықтау, стратегиялық талдау жүргізу және тәуекелдер мен белгісіздіктердің әсерін ескере отырып, ұйымның стратегиясын әзірлеу.
- Денсаулық мәселелерін бағалау және талдау, медициналық көмекті жақсарту бойынша шараларды әзірлеу және бағалау. Денсаулықты нығайту бойынша жан-жақты және заманауи пәнаралық перспективаға, денсаулықты практикалық нығайтуға қажетті білім мен дағдыларға ие болу.
- Денсаулық сақтаудағы экономикалық процестерді талдау, денсаулық сақтау саласындағы экономикалық белсенділік көрсеткіштерін есептеу, талдау және бағалаудың негізгі әдістерін қолдану, кәсіпкерлік қызметті реттейтін механизмдерді түсіну.
- Қоғамдық денсаулық сақтау шаралары, стратегиялары мен саясаттары үшін негізгі этикалық принциптерді анықтау және орындау.
- Жоғары мектепте мұғалім ретінде кәсіби дағдыларды дамыту және студенттердің оқуын жақсарту үшін педагогикалық мәселелерді тиімді шешу.
- Әлеуметтік ғылымдарды тәжірибеде қолдану, зерттеулерді сынау және дамыту, саясат пен бағдарламалауды ақпараттандыру үшін дәлелдемелерді пайдалану және академиялық серіктестік құру.
- Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент саласындағы практикалық мәселелерді сәтті шешу үшін стратегиялық және операциялық менеджмент, персоналды басқару, жобаларды басқару саласындағы іргелі білімді қолдану.
Жұмысқа орналастыру
Білім беру бағдарлмасын аяқтағаннан кейін т.лектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істей алады:
- ЖОО, ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;
- ЖОО оқытушысы;
- Денсаулық сақтау менеджері;
- Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
- Медициналық колледж оқытушысы.