Қоғамдық денсаулық
Дәреже: «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулықсақтау бакалавры
Білім беру бағдарламалары тобы: B089 Қоғамдық денсаулық
Шифр: 6B10112
Оқу ұзақтығы: 5 жыл, 300 кредит
Қабылдау шарттары: ҰБТ нәтижесі 70 баллдан кем емес
Негізгі пәндер: биялогия, химия
1 жылдың оқу ақысы: 1 220 000 теңге
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы
Ғылым мен денсаулық сақтаудың заманауи талаптарына сай келетін қоғамдық денсаулық сақтау саласының білікті, бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау.
Миссия
Ғылым және денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін қоғамдық денсаулық саласының білікті, бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау болып табылады.
Сіз не үйренесіз?
Білімі мен дағдылары:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы;
- қазақ (орыс) және ағылшын тілдері;
- Анатомия, физиология және молекулярлық биология негіздері;
- Шұғыл көмек көрсету;
- Адам анатомиясы және физиологиясы, сонымен қатар молекулярлық биология.
Білімі мен дағдылары:
- Әлеуметтік-саяси пәндер, философия саласында;
- Іргелі медициналық ғылымдар негіздері;
- Қоғамдық денсаулық негіздері;
- Адам өміріндегі және аурулардың дамуындағы микроорганизмдердің рөлі туралы түсінік.
Базалық білімі мен дағдылары:
- Зерттеу негіздері;
- Дезинфекциялық іс негіздері;
- Эпидемиология;
- Нутрициология және коммуналдық гигиена негіздері.
Базалық және кәсіби білімі мен дағдылары:
- Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар саласында;
- Балалар мен жасөспірімдер және мектеп медицинасы;
- Медициналық қызметтердің сапасын басқару бойынша;
- Радиациялық гигиена.
Арнайы білімі мен дағдылары:
- Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу;
- Еңбек гигиенасы;
- Аса қауіпті жұқпалар эпидемиологиясы;
- Гигиеналық пәндер;
- Қоғамдық денсаулық сақтау.
Білім беру барысында сіздерді денсаулық сақтау ұйымдарында және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдарында кәсіби тәжірибе күтеді

Оқытудың соңғы нәтижелері
- Қоғамдық денсаулық проблемаларын тиімді шешу үшін, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, билік органдарымен, ұйымдармен, халықпен, қоғамдастық мүшелерімен, БАҚ-мен тиімді сектораралық өзара іс-қимылды құрады.
- Еңбек ұжымының жұмысын ұйымдастыру, адам ресурстарын басқару, мақсат қоюды жүзеге асыру және міндеттерді тұжырымдау, қызметтің басымдықтарын айқындау дағдыларын меңгерген.
- Кәсіби қызмет барысында үздіксіз оқып, білімін жетілдіре алады, соның ішінде жасанды интеллектті (ЖИ) денсаулық сақтауда қолдануды меңгереді. Инфекциялық, паразиттік және инфекциялық емес аурулар мен уланулардың таралу себептері мен қауіп факторларын анықтап, талдау әдістері мен ЖИ технологияларын пайдалана алады. Әртүрлі эпидемиологиялық зерттеу әдістерін меңгеріп, аурулардың салдарын және халық денсаулығына әсерін бағалай алады, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен болжамдық модельдерді қолдана алады.
- Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы ҚР нормативтік-құқықтық актілерін, санитарлық, табиғатты қорғау заңнамасын, мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қызмет мамандары қызметінің құқықтық негіздерін біледі және практикалық қызметте пайдаланады.
- Денсаулық сақтау ұйымдарында көзделген есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуге қабілетті.
- Мекендеу ортасының сапасы, денсаулық жағдайы, халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы дәрежесі туралы деректерге, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің көрсеткіштеріне мониторингті, талдауды және бағалауды жүзеге асырады.
- Халықтың денсаулығын сақтау және ілгерілету, инфекциялық, паразиттік және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы, олардың тиімділігін бағалау бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс- шараларды әзірлеу, ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгерген.
- Қоршаған ортаның әртүрлі объектілерінің сапа көрсеткіштерін зерттеуге, талдауға және бағалауға және оларға жағымсыз әсерлердің алдын алу бойынша ұсынымдар түрінде өз қорытындыларын тұжырымдауға қабілетті.
- Эпидемиологиялық жағдайды бағалауға, эпидемиялық ошақтарды тексеруге, эпидемиологиялық диагноз қоюға және инфекциялық аурулар ошақтарында дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша жұмыстар жүргізу туралы нұсқамалар беруге, халық арасында иммунопрофилактиканың тиімділігін бағалауға қабілетті.
- Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының туындау қаупін анықтай алады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, оның ішінде төтенше жағдайлар жағдайларында қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында қоршаған ортаның, ауыз судың, тамақ өнімдерінің жай-күйіне санитариялық- эпидемиологиялық бақылауды, тіршілік ету объектілерін қадағалауды, шекараны аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыруға қабілетті.
- Инфекциялық және паразиттік аурулар кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың іске асырылуына эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыра алады.
Жұмысқа орналастыру
Білім беру бағдарлмасын аяқтағаннан кейін т.лектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істей алады:
- Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының маманы;
- Бактериологиялық және токсикологиялық зертханалардың қызметкері;
- Ғылыми орталықтар мен институттарға ғылыми қызметкер;
- Эпидемиолог;
- Микробиолог;
- Денсаулық сақтау менеджмері;
- Медициналық статист;
- Денсаулық сақтау ұйымдарының әдіскері;
- Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
- Медициналық колледждің оқытушысы;
- Салауатты өмір салтын ұстанатын маман.