Қоғамдық денсаулық сақтау

Дәреже: «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулықсақтау бакалавры

Білім беру бағдарламалары тобы: B089 Қоғамдық денсаулық

Шифр: 6B10106

Оқу ұзақтығы: 4 жыл, 240 кредит

Қабылдау шарттары: ҰБТ нәтижесі 70 баллдан кем емес

Негізгі пәндер: биология, химия

1 жылдың оқу ақысы: 1 220 000 теңге

Қоғамдық денсаулық сақтау
Амреева Кымбат Ералиевна
Амреева Кымбат Ералиевна
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Қоғамдық денсаулық сақтау саласында жеке, мемлекеттік және басқа да мекемелерде жұмыс істеу үшін студенттерге білім және практикалық дағдылар беру.

Миссия

Қоғамдық денсаулық сақтау саласында жеке, мемлекеттік және басқа да мекемелерде жұмыс істеу үшін студенттерге білім және практикалық дағдылар беру.

Сіз не үйренесіз?

1 курс

Білімі мен дағдылары:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы;
  • Қазақ (орыс) және ағылшын тілдері;
  • Анатомия, физиология және молекулярлық биология негіздері;
  • Шұғыл көмек көрсету;
  • Адам анатомиясы және физиологиясы, сонымен қатар молекулярлық биология.
2 курс

Білімі мен дағдылары:

  • Әлеуметтік-саяси пәндер, философия саласында;
  • Іргелі медициналық ғылымдар негіздері;
  • Қоғамдық денсаулық негіздері;
  • Адам өміріндегі және аурулардың дамуындағы микроорганизмдердің рөлі туралы түсінік.
3 курс

Базалық және кәсіби білімі мен дағдылары:

  • Қоршаған орта және денсаулық саласында;
  • Биостатистика;
  • Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар;
  • Қоршаған орта гигиенасы;
  • Салауаты тамақтану және азық-түлік қауіпсіздігі.
4 курс

Базалық және кәсіби білімі мен дағдылары:

  • Денсаулықты нығайту саласында;
  • Эпидемиология;
  • Денсаулық сақтаудағы экономика негіздері;
  • Глобалды денсаулық;
  • Денсаулық сақтаудағы саясат және заңнама.

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Эпидқадағалауда және халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын бағалауда дағдыларға ие.
  2. Төтенше жағдайлар кезінде денсаулыққа қауіп-қатерге ден қою және денсаулық мониторингі үшін дағдылар мен білімді меңгерген.
  3. Қоршаған ортаның, еңбектің, тамақ өнімдерінің және т. б. қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, денсаулықты қорғау саласында дағдылар мен білімді меңгерген.
  4. Денсаулық көрсеткіштері бойынша теңсіздікті қысқарту және әлеуметтік детерминанттарға әсер етуді қоса алғанда, денсаулықты нығайту саласында дағдылар мен білімді меңгерген.
  5. Денсаулықтың бұзылуын ерте анықтауды қоса алғанда, аурулардың алдын алу саласында Дағдылар мен білімді меңгерген.
  6. Кәсіби қызметтің міндеттерін шешу үшін өз ойларын ауызша және бейвербалды түрде еркін және сенімді баяндауға мүмкіндік беретін коммуникативтік дағдыларды меңгерген.
  7. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметтеріне қатысушылардың арасындағы қарым-қатынасты түсінеді.
  8. Медицина ғылымдарының бастапқы білім деңгейін меңгерген.

Жұмысқа орналастыру

Білім беру бағдарлмасын аяқтағаннан кейін т.лектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істей алады:

  • Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің маманы, эпидемиолог, микробиолог;
  • Денсаулық сақтау менеджері;
  • Медициналық статистик;
  • Әдіскер;
  • Денсаулық саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
  • Санитарлық-гигиеналық зертхана маманы;
  • Бактериологиялық және токсикологиялық зертханалардығ қызметкері;
  • Медициналық колледждің оқытушысы;
  • Ғылыми-зерттеу орталықтар, институттарда ғылыми ұызметкер;
  • Салауатты өмір салтын ұстанатын маман.