ІT-медицина

Дәреже: «ІТ-медицина» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры дәрежесі

Білім беру бағдарламалары тобы: 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Шифр: 6B05088 (1)

Оқу ұзақтығы: 4 жыл, 255 кредит

Қабылдау шарттары: ҰБТ нәтижесі 50 баллдан кем емес

Негізгі пәндер: биология, химия

1 жылдың оқу ақысы: 715 000 теңге

ІT-медицина
Нукештаева Карина Ерлановна
Нукештаева Карина Ерлановна
Білім беру бағдарламасының жетекшісі

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Халықтың денсаулығын қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге бағытталған ақпараттық технологияларды іске асыру және сүйемелдеу үшін мамандар даярлау.

Миссия

Жаратылыстану ғылымдарының білімін денсаулық сақтау үшін IT-шешімдерін әзірлеуге, енгізуге және басқаруға біріктіруге қабілетті мамандарды дайындау.

Сіз не үйренесіз?

1 курс

Білімі мен дағдылары:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы;
  • Математика және физика саласында;
  • Қазақ (орыс) және ағылшын тілдері;
  • Анатомия, физиология және молекулярлық биология негіздері;
  • Бағдарламалау негіздері.
2 курс

Білімі мен дағдылары:

  • Әлеуметтік-саяси пәндер, философия саласында;
  • Адам анатомиясы және физиологиясы, сонымен қатар молекулярлық биология;
  • Желілер технологиясы;
  • Эпидемиологиялық қауіпсіздік;
  • Бағдарламалау әдістері мен технологиялары;
  • Экологиялық қауіпсіздік.
3 курс

Базалық білімі мен дағдылары:

  • Компьютерлік графика;
  • Процесстерді алгоритмдеу;
  • Еңбекті қорғау;
  • Ғылыми зерттеу әдістері;
  • Математикалық статистика, Web бағдарламалау;
  • Медициналық қызметтер саласындағы экономикалық қызмет негіздері бойынша.
4 курс

Базалық және кәсіби білімі мен дағдылары:

  • Деректер базасының қосымшаларын жобалау және әзірлеу бойынша;
  • Биостатистика;
  • Электронды денсаулық сақтау;
  • Денсаулық сақтаудағы маркетинг және коммуникациялар;
  • Ақпараттық қауіпсіздік;
  • Менеджмент негіздері және стратегиялық және операциялық менеджмент бойынша.

Білім беру барысында сіздерді денсаулық сақтау ұйымдарында кәсіби тәжірибе күтеді

Оқытудың соңғы нәтижелері

  1. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға ықпал ететін экономика және құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық, жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін көрсету.
  2. Физикалық процестерді, іргелі медициналық пәндерді, сондай-ақ жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау принциптерін білуге сүйене отырып, өндірістік процестерді жобалау және ұйымдастыру кезінде есептеулерді орындау..
  3. Кәсіпкерлік қызметті талдау, жоспарлау және жүргізу..
  4. Денсаулық сақтау жүйесінде ақпараттық технологиялар ресурстарын басқару.
  5. Денсаулық сақтау жүйесіне арналған шағын және орта масштабтағы жүйелер мен ішкі жүйелерді әзірлеу және жаңғырту бойынша талаптар мен техникалық тапсырмаларды жасау және сүйемелдеу..
  6. Денсаулық сақтау жүйесіне арналған орта және ірі масштабтағы жүйелердің концептуалды, функционалдық және логикалық модельдерін жобалау..
  7. Денсаулық сақтау жүйесіндегі бизнес-процестер мен ұйымдық басқару міндеттерін автоматтандыратын ақпараттық технологияларды әзірлеу/өзгерту және сүйемелдеу жұмыстарын жүзеге асыру және басқару..
  8. Желілік әкімшілендіруді жүзеге асыру, халық денсаулығына қатысты үлкен деректерді жинау, өңдеу және талдау..
  9. Ақпараттық технологиялар арқылы алынған деректер мен талдау нәтижелерін пайдалана отырып, денсаулық ғылымының негізгі салаларының тарихын, мақсаттарын, әдістерін және қазіргі мәселелерін сипаттау..
  10. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, денсаулық сақтаудың әлеуметтік-мәдени аспектілерін есепке алу..
  11. Қолданбалы мәселелерді шешу үшін биоинженерия және биоинформатика білімдерін қолдану, практикалық және зерттеу дағдыларын жүзеге асыру..
  12. Инженерлік қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау, ұтымды табиғатты пайдалану және экологиялық мониторинг арқылы адам мен қоршаған орта арасындағы өзара әрекетті реттеу..
ІT-медицина

Жұмысқа орналастыру

Білім беру бағдарлмасын аяқтағаннан кейін т.лектер мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істей алады:

  • Ақпараттандыру бөлімі (ғылыми-техникалық ақпарат);
  • Ақпаратты қорғау бөлімі (зертхна, сектор);
  • Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас маман;
  • Негізгі инфрақұрылымдық жүйелерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маман;
  • Негізгі ақпараттық инфрақұрылым жұйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік әкімшісі.