Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы «Тағам сапасын бақылау» пәні

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы «Тағам сапасын бақылау» пәні

04 Наурыз 2015

Семей қаласы медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 4 курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде білім алуға мүмкіндік алдық. Біздің бірінші танысып, білім алған жеріміз тағам гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасы, меңгерушісі-профессор Терехин Сергей Петрович. Осы кафедрада 4010 ҚДС және 4008 ҚДС топтарымен төрт апта бойы «Тағам сапасын бағалау» элективті пәнін бірге өттік.

Біз бірінші рет сабақтың ординарлы емес түрде өтетінін көрдік. Жалпы топ бірігіп  «Ұтымды тамақтану» тақырыбында балалармен студенттерге арналған ашық және қызықты дамытатын ойындар жасадық, онда біздің ұтымды тамақтануды қаншалықты меңгергеніміз жайында білім деңгейіміз көрінді.  Бұл ойынның барысында әр топ бірігіп бір команда бола алды. Бұл жұмыстарымыздың бір бөлігі ұтымды тамақтануға бейнебаян түсіру болса, Біз ұтымды тамақтануды үгіттемей, әлеуметтік экперимент жасап сауалнама жүргіздік, онда студенттер заманауи өмірде қандай азық түліктерді қалайтындықтарын қарастырдық. Барлықтарынызға белгілі, студенттер арасында фаст-фуд өнімдерін қолдану кең белес алған, біз студентер арасында зияны бар азық түліктермен пайдалы азық түліктердің айырмашылығын түсіндіре келе оларда таңдау өз қолдарында екендігін айттық. Жүргізілген әлеуметтік экспериментімізге қанағаттандық.   

Студенттердің көпшілігі өз денсаулықтарына көңіл бөліп, денсаулық пайдасына ұтымды тамақтануды таңдайтындарын жеткізді. Осы әлеуметтік экспериментті жүргізу барысында студенттермен жұмыс істеуден қолайлы эмоция алып қуанышқа бөлендік. Соңғы сабақта әр топ өз жұмыстарын қорғап, жасаған ойындарымызбен алмасып сол ойындармен ойнадық.  

Бізге сабақ өткізген және есте қаларлықтай, қызықты дәріс оқыған өте керемет оқытушы, профессор Ахметова Светлана Владимировнаны атағымыз келеді. Профессор жетекшілігімен осы шығармашылық жұмыстарды жүргіздік, бізге айтылған жақсы сөздер үшін үлкен рахмет, жадымызда сақтаймыз. Өткізілген сабақ үшін үлкен рахмет айтамыз. Біз бәріміз жақсы және табысты маман боламыз.

Ізгі тілекпен Семей қаласының медицина университетінің

4010 ҚДС тобы


0
19658

пікірлер

пікір қалдыру үшін.