Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Поэзия әлемінде

Поэзия әлемінде

03 Наурыз 2015

  Ақпан айының 26 - күні ҚММУ медициналық колледжінде  ақиық ақын, қазақ поэзиясының Пайғамбары Мұқағали Мақатаевтың  құрметіне  арналған «Мұқағали мұрасы- сөз маржаны»  атты  музыкалық-әдеби  кеш өтті.

Ақынның өмірімен  және шығармашылығымен таныстырып, студенттерді ақындыққа, поэзияға, әдебиетке баул,  мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті ояту- кештің басты мақсаты болды.

  Кешке ҚММУ кітапханасының  қолдауымен  ақын  шығармаларын насихаттау мақсатында бірлесе  ұйымдастырылған  көрмесі  болды. Онда  ақынның өлеңдер жинағы, ақын  туралы  естеліктер, шығармалары  қойылды.

   Музыкалық-әдеби  кеште  дарынды  ақынның  өлеңдері оқылып, әсем әндері шырқалды. Колледждің бірінші, екінші курс студенттері ат салысып, кеш әдемі де мағыналы өтті. Атап айтсақ Мадина, Инабат, Аяулым, Саят, Гүлшат, Элиза, Дарын, Ардақ, Жанар, Ахаттар  ақын шығармаларын нақышына келтіріп, мәнерлеп оқып, әсем шырқап берді.

   Кешті ұйымдастырушы қазақ тілі пәні оқытушылары

Б.О. Оразова мен Л.К.Есембаева 


0
17907

пікірлер

пікір қалдыру үшін.