Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мастер-класс «Медициналық паразитология»

Мастер-класс «Медициналық паразитология»

04 Ақпан 2015

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасында 2015 ж. 26 - 30 қаңтар аралығында ҮКДФ деканатымен бірге «Медициналық паразитология» тақырыбы бойынша мастер-класс ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл тақырыптың өзектілігі кафедраның ғылыми бағытымен және гранттық қаржыландыру аясында «Гельминттік инвазия кезінде молекулалық-жасушалық деңгейде репродуктивті денсаулық бұзылыстарын дәрі-дәрмекпен қалпына келтіру тәсілін әзірлеу» және «Молекулалық-жасушалық деңгейде созылмалы лямблиозбен ауыратын ауруларды, ересектерді және балаларды емдеудің жаңа әдісін әзірлеу» ғылыми жобаларын орындауға кафедра қызметкерлері қатысуымен және де паразитарлық инвазия санының жоғарылауымен, гельминтоздық және протозойлы аурулардың эпидемиологиялық жағдайының өзгеруімен байланысты алынды.

Тыңдаушылар облыстық емдеу мекемелерінің орта медициналық жұмыскерлері, ҚММУ медициналық колледжінің, Қарағандының, Көкшетаудың, Жезказғанның медициналық колледждерінің оқытушылары, ҚарМУ оқытушылары және еңбек өтілімі 5-жылдан кем ҚММУ кафедра оқытушыларынан құралды. Мастер-класты ашу және қатысушы оқытушыларды таныстыру рәсімін кафедра меңгерушісі б.ғ.д., профессор Б.Ж. Құлтанов жүргізді. Мастер-класты өткізу кезінде тыңдаушыларға б.ғ.к., доцент В.В. Бритько медициналық паразитологияның өзекті сұрақтары бойынша дәріс оқыды, аға оқытушы, б.ғ.к. В.Н. Кислицкая микро- және макропрепараттарды көрсетумен тәжірибелік сабақты, эндогендік интоксикацияны анықтау және кристаллограмманы зерттеп, оқу әдісі бойынша тренингті жүргізді.

Соңғы күні мастер-кластың қорытындысы жасалып, тыңдаушылардан  кері байланыс алынды және мастер-класқа қатысушыларға  сертификат берілді.

Мастер-класс кәсіби деңгейде, достық қарым-қатынастық жағдайда, сұхбаттасу, пікірталас, пікір алмасу түрінде өтті, тыңдаушылар медициналық паразитологияның өзекті сұрақтары туралы толық ақпаратты алды.


Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы


0
18694

пікірлер

пікір қалдыру үшін.