Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Ғылым, инновациялар және технологиялар» 2015 аясында ынтымақтастықты дамыту бойынша шараларға қатысу, 17-19-наурыз, 2015 ж. Франция

«Ғылым, инновациялар және технологиялар» 2015 аясында ынтымақтастықты дамыту бойынша шараларға қатысу, 17-19-наурыз, 2015 ж. Франция

12 Қаңтар 2015

Бұл грант Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің зерттеушілерінің Париж қаласында «Ғылым, инновациялар және технологиялар» 2015, 2015 ж. 17-19 наурыз шарасына қатысу үшін қаржылық демеуді қарастырады (www.stidays.net). Ынтымақтастықты орнатудың тақырыптық басымдылықтары әлеуметтік проблемалар (Инфекциялық аурулар мен өкпенің созылмалы аурулары) және қоршаған орта (Су-Энергия – азық-түлік өнімдері немесе су ресурстарын басқару) болып табылады. Бір елге бір грант бөлінеді.

Бұл еуропалық қатысушылардың көп санына тұратын кең көлемді шара, сонымен қатар ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын орнату мен дамытуды қамтамасыз ету бойынша жоғарыда көрсетілген ғылыми бағыттың арнаулы шарасы, ЕО елдерінде құрылған консорциумдарға қатысу және ену мүмкіндіктерін арттыру болып табылады. Шара зерттеушілерге өз көзқарасы және/немесе оның ғылыми-зерттеу желісі туралы айтуға мүмкіндік береді.

Еілімізден бір қатысуға қаржы бөлінеді. Қатысу үшін форманы толтыру керек (Application Form). Іріктеу белгілері ғылыми жетістіктер, ағылшын тілін жақсы білу, сонымен қатар әрекеттегі халықаралық байланыстар/желілер болып табылады. Зерттеуші  өзінің ғылыми жетістігі туралы айтып беруі, сонымен қатар осы саладағы өз елінің ғылыми-зерттеу «ландшафтын» ұсынуы керек. Сонымен қатар ЕО пен Орталық-Азия мемлекеттерінің шығыс еуропалық аумақтары арасындағы ынтымақтастық туралы фокус-топтардың кездесулері ұйымдастырылады. Іріктеу жергілікті әріптестермен жүзеге асырылатын болады.

Конкурсқа қатысу үшін аппликациялық форманы толтыру қажет.

Қосымша ақпарат үшін ҚММУ Стратегиялық дамыту және халықаралық ынтымақтастық бөліміне келесі хабарласуға болады. Телефон:  50-39-30 (ішкі 246), немесе 212 каб.


0
18128

пікірлер

пікір қалдыру үшін.