Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Менжастарға сенемін!

Менжастарға сенемін!

26 Желтоқсан 2014

  Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің күніне орай,  ҚазҰУ-де студенттік жастардың республикалық патриоттық фестивалінің “Мен жастарға сенемін!” үлкен гала-форумы өтті.Университет қабырғасында осымен екінші рет әртүрлі мемлекттік құрылым басшылары,бизнесмендер және де таланты жастар мен студенттер тәжірибе алмасуға,ой бөлісуге жиналып отыр.Іс-шараны ұйымдастырған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, “Жандану” Экологиялық  жобасы Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен,Алматы қаласы әкімдігі мен “Жас Отан” жастар қанаты және Қазақстан Жазушылар Одағы.

  Фестивальдің басты мақсаты - жастар арсында әлеуметтік белсенділікті арттырумен қатар олардың патриоттық және рухани дамуына жағдай жасау. Сәтті дамудың алғышарты жастарды еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық-қоғамдық мәселелеріне белсенді тарту.Қазақстан тәуелсіз ел ретінде қалыптасуындағы маңызды рольді,ертеңгі Қазақстанның  берік негізін қалыптастырушы ретінде жастар алады. ҚР Президенті халыққа жолдаған жолдауларында: ”Ертеңгі елдің келбетін қалыптастырып ,одан ары қарай даму бағытын анықтайтын жастар”деп  көрсетті.

  Фестиваль аясында студенттерден бір ай бойы:ең үздік студенттік әлеуметтік-маңызды инновациялық жоба “Елдің инновациялық дамуына қосқан шынайы үлесім”,ең үздік эссе”Елімнің гүлденуіне мен қандай үлес қос алам?”,ең үздік студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық жоба “Мен жастарға сенемін!”және үздік патриоттық ән орындау «Мәңгілік ел – мұратым!» жұмыстар қабылданды.Ұйымдастыру комитетіне еліміздің 60–тан аса ЖОО-нан 1000 студенттік жұмыс келіп түсті.Үздік 350 жұмыстың авторлары ҚазҰУ ректорынан Алматы қаласында өтетін улкен гала-форумға шақырту алды. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің намысын  жалпы медицина және стоматология факультетінің екі студенті: Бекмурзаева Диана және Тулеев Айдар үздік патриоттық ән орындау байқауында қорғады.

  Фестиваль аясында сондай-ақ тақырыптық және шығармашылық отырыстар кеңесі,студенттерге қызмет көрсетуші “Керемет”орталығының жұмысымен танысу,студенттік өзін-өзі басқару комитеттері және инновациялық әртүрлі жобалар таныстырылды.Студенттер сондай-ақ Алматы  қаласының ғажайып орындарының бірі Көк-Төбеге саяхатқа шықты.

  Гала-форумның жабылу кеші  У.Джолдасбеков атындағы студенттер сарайында салтанатты марапаттау сәтімен жалғасты. Тәуелсіз төрешілер мен сарапшылар әр номинация бойынша ең үздік жобалар мен байқау жеңімпаздарын анықтады. Жеңімпаздар естелік және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  Республикалық форум қатысушылары үшін ҚазҰУ студенттік комитеті ұйымдастырған көңілді кешппен аяқталды.

2-082 ЖМ студентіБекмурзаева Диана


0
18482

пікірлер

пікір қалдыру үшін.