Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пікірталас турнирі

Пікірталас турнирі

26 Желтоқсан 2014

  29 - қарашада облыстық жергілікті фестиваль шеңберінде, Халықаралық студенттер күніне орай, Қарағанды облысы  жастар саясаты жөніндегі басқармасы Қарағанды жоо студенттері арасында пікірталас турнирін ұйымдастырды. Қатысушылар қатарында ҚарМУ, КЭУ және Заң академиясының студенттері болды. Турнирдің басты мақсаты – жастардың зяткерлік дамуы үшін жағдай жасау. Турнирдің ресми форматы болып Қазақстандағы дебатқа қатысушылар арасында кеңінен таралған – АПФ (американдық парламенттік формат) таңдалды.

Өткізілу тілі: қазақ және орыс. 

  Туринирдің өткізілу формуласы:

  1.  3 іріктеу раудтан.

  2.  Жартылай финал.

  3.  Финал.

  4.  Турнирдің "Линкольн - Дуглас" форматында үздікті анықтау.
  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Намыс» тікірталас клубының қатысушыларынан құралған  төрт команда қатысты: Есенбай Әсем және Асқаров Әділет ("Әлем"фракциясы), Аманбаев Оразбек және Машрапов Нұртай ("Намыс" фракциясы), Қойшын Мөлдір және Темірбек Сымбат ("Абзал жандар" фракциясы). Орыс тілді лигадан екі Игорь Ерюков және Фисенко
( «Дабл И» фракция) қатысты.

  Өзекті тақырыптарға қызу пікірталастан және қарқынды жарыссөзден кейін әділқазылар турнирдің қорытындысын шығарды:

Біріншіорын (қазақ лигасы) - «План В» фракциясы(КЭУ).

Бірінші орын (орыс лигасы) – «Н2О»фракциясы (ҚарМУ).Екінші орын (қазақ лигасы)) - "Абзал жандар" фракциясы(ҚММУ).

Екінші орын (орыс лигасы)- "Дабл И"  фракциясы(ҚММУ).Үшінші орын - "Намыс" фракциясы ( ҚММУ).
  Үздік білікті әділқазы номинациясына: Маликайдар Айжан,Әбдіраш Ақмарал,Мырзагелді Зейнұр және Ибраев Батыржан ұсынылды.Белсене қатысқаны үшін грамоталармен:  Асқаров Әділет және Есенбай Әсем( «Әлем» фракциясы)марапатталды. Үздік спикер титулы Ерюков Игорьге ( «Дабл И» фракциясы) бұйырды.
  Пікірталас турнирінің жеңімпаздары «Жас отан» жастар қанатының төрағасының естелік сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды, ал барлық командалар белсене қатысқандары үшін сертификатқа ие болды.

  

З.М. Мырзагелді

"Намыс" пікірталас клубының IT-редакторы


0
18617

пікірлер

пікір қалдыру үшін.