Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Біз – әртүрліміз, біз – теңбіз, біз - біргеміз»

«Біз – әртүрліміз, біз – теңбіз, біз - біргеміз»

26 Желтоқсан 2014

23 - желтоқсанда жалпы медицина және стоматология мен профилактикалық медицина, биология және фармация факульттерінің деканаттарымен бірлесе отырып, Студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Біз – әртүрліміз, біз – теңбіз, біз - біргеміз»  студенттік халық салт-дәстүрлері фестивалінің өткізілуін ұйымдастырды. 

Фестиваль қонақтарын біздің мемлекетте тұратын халықтардың костюмдарына киінген «Қаракөз» және «Golden Step» би ұжымдарының қатысушылары қарсы алды. Халық әндері, әсерлі билер, салт-дәстүрлері мен ырымдары – қонақтарды алғашқы қадамнан Қазақстан халқының мәдени дәстүрінің түрлі ғұрыптары мен байлығына сапар шектірді.

Бірінші қабаттың холлында жазылған «Ұлттық тағамдардың көрмесі» экспозициясы барлық қалаушыларға әртүрлі халықтардың тағамдарымен танысуға және оларды бағалауға мүмкіндік берді. Экспозицияның ерекшелігі әрбір тамақты міндетті түрде сол этностың студенттері көрсетуі шарт болды. Осылай, фестиваль қонақтарына бір уақытта және бір жерде украина, түрік, орыс, татар, өзбек, әзірбайжан, үнді, шешен-ингуш, тәжік және қазақ тамақтарының аспаздық шеберлігін бағалауға ерекше мүмкіндік берілді. Тағамдар барлық ереже бойынша және әрбір ұлттың ас әзірлеу дәстүрі есепке ала отырып дайындалды.

Фестивальдың қорытынды бөлімі солистердің және көркем-өнер үйірмелерінің (Жасур Салахиддинов, Нұрлыайым Байназар, «Қаракөз» шығыс билері халық ансамблі, хордың вокал тобы, домбыра оркестрі) қатысуымен мерекелік концертпен жабылды.  Біздің қонақтар – Қазақстан халқы Ассамблеясы Қарағанды филиалының өкілдері де мерекеге қатысты, (Виолетта Фокс (түрік этно-мәдениет қауымдастығы) түрік тілінде ән айтылды, Сергей Дегтярёв (еврей этно-мәдениет қауымдастығы) саксофонда қызықты соло орындады, Жансая Нұрмағамбетова (корей этно-мәдениет қауымдастығы) корей тілінде екі әң шырқады. Мерекелік концерттің нағыз хиті медицина колледжінің оқушылары орындаған «Это Кавказ»  өлеңіне қызу лезгинкасы биленді.

Мерекелік кештің қорытындысында оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры В.Б. Молотов-Лучанский іс-шараның тамаша ұйымдастырылғаны үшін студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөліміне алғыс білдірді және фестивальға қатысқан студенттер мен көркем-өнер үйірмелерінің жетекшілеріне дипломдар, сертификаттар және алғыс хаттарды табыс етті.

Айжан Маликайдар

«Намыс» пікір-талас клубының мүшесі

0
21073

пікірлер

пікір қалдыру үшін.