Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Футболды мереке.

Футболды мереке.

25 Желтоқсан 2014

Ғажап мереке – «ҚММУ қызметкерлері мен студенттерінің тәуелсіз кәсіподағы» ҚҰ-мен бірге ҚММУ спорт клубы шағын-футбол бойынша университеттің чепионатын ұйымдастырды. Екі ай көлемінде, әрбір сенбі-жексенбі сайын №2 спорт залында (Ерубаев к. 32) футболды шайқас өтті. ҚММУ жеті жатақханаларының құрамасы + ҚарМУ құрама командасы футбол алаңында кімнің ұжымы басым түсетіндігін талқыға салды. Турнир бастапқыдан футбол әуесқойшыларының қызығушылығын туғызды. Барлық матчтар тең жекпе-жекпен өтті. Қызу ойын соңғы ойынға дейін чемпионат үшін шындық болып қалды. «Пәтершілер» футбол командасы өздерінің негізгі бәсекелесі  «№7 жатақханашыларды» бір кездесуде басым түсіп, чемпионатты жеңіп  алды.

  20 желтоқсанда, «алтын матч» аяқталған соң турнирдің жабылу салтанаты өтті. Салтанатқа тұрақты жанкүйерлер, ҚММУ спорт клубының басшысы Ф.А. Батиров, «ҚММУ қызметкерлері мен студенттерінің тәуелсіз кәсіподағы» ҚҰ-ның төрағасы Н.Н. Наурызов қатысты.«Тәуелсіз кәсіподақ» ҚҰ төрағасы Н.Н. Наурызовтың турнирді ақшалай қаржатпен қамтамасыз етуі іс-шараның өте жоғары өтуіне септігін тигізгенін атап өткім келеді.Сыйлық қоры жарыстың деңгейіне толықтай сәйкес болды. Барлық жүлдешілер кәсіби футболшылар жабдық жинақтарымен марапатталды және жеңіп алған сыйлықтарына риза болды:

  Үшінші орын алған «№6 жатақхана» команда ойыншылары ойын манишка жинақтарын алды;

Екінші орын алған «№7 жатақхана» команда ойыншылары «Umbro»жаттықтыру формасына ие болды;

Турнирдің чемпионы «Пәтершілер» командасына«Patrick» кәсіби ойын формасы жинағы салтантты түрде табыс етілді.

Сонымен қатар командалар жеке номинациялармен атап өтілді: 

  «Үздік қорғаушы» - Сәрсенбай Аблай(« №6» жатқхана);

  «Үздік шабуылшы» -Таржанов Авель(«Пәтершілер»);

  «Турнирдің үздік ойыншысы» - Бондарев Андрей(«№7 жатақхана»).

  Барлық үш номинатшыларға кәсіподақ төрағасы Н.Н.Наурызов «Umbro» фирмасының спортивті рюкзактарын сыйлық ретінде жеке өзі тапсырған болатын. Нұрлан Нығметұлы қатысушыларға өзінің сөзінде жастарға дене шынықтырумен жиі айналысу маңыздылығы туралы, сонымен қатар жарыстың бас төрешісі А.К.Тухметовке турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді, сонымен қатар ҚММУ кәсіподақ ұйымы университет студенттері арасындағы спорттың дамуына кейінде үлес қосуына кепіл берді.

  Қатысушыларға амандасу сөзімен ҚММУ – дың спорт клубының бастығы Ф.А. Батиров кезек берілді. Биылғы қатысушалрдың спортқа деген ынтасы мен шеберлігінің артқанын ескеріп, ҚММУ – дың кәсіподақ ұйымына сыйлықтар үшін алғысын білдірді. Барлық қатысушыларды 2015 жылдың ақпан айында басталатын ҚММУ ІІІ мини – футбол бойынша чемпионатына қатысуға шақырды. 

А.С.Машрапова

СТ және ӘЖБ маманы

Футбол бойынша ҚММУ 2-ші чемпионат. Қорытынды кесте.

Командалар

Ойын

Жеңіс

Тең ойын

Жеңіліс

Доптар

Ұпай

1.

Пәтершілер

  13

  13

  0

  0

156 - 58

  39

2.

№ 7жатақхана

  13

  11

  0

  2

168 - 65

  33

3.

№ 6жатақхана

  13

  8

  0

  5

112 - 99

  24

4.

№ 1жатақхана

  13

  7

  1

  5

106-111

  22

5.

ҚарМУ

  13

  3

  2

  8

94 - 125

  11

6.

  4жатақхана

13

  2

  0

11

48 - 80

  6

7.

№ 2жатақхана

  13

  2

  0

  11

74 - 167

  6

8.

№ 3жатақхана

  13

  1

  1

  11

79 - 130

  4


0
19231

пікірлер

пікір қалдыру үшін.