Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пәнаралық оқыту

Пәнаралық оқыту

18 Желтоқсан 2014

2014 жылдың қарашасында пәнаралық оқыту аясында тағамтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасында балалар мен жасөспірімдер курсымен бірге, төртінші курс студенттері үшін семинар сабақ өткізілді («Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы). Жүкті және бала емізетін әйелдердің тамақтануы, бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру мәселелері қаралды. Сабаққа шақырылған студенттерге диетолог-дәрігер Бобрешова Ирина Александровна студенттерді жүктілік және баланы емізу кезіндегі тамақтанудың ерекшеліктерімен, бір жасқа дейінгі балаларды ана сүтімен қоректендірудің артықшылықтарымен, қосымша тамақтандыру ерекшеліктерімен таныстырды. Балалардың тамақтануына арналған сүтті ботқалардың, көкөніс және жеміс езбелерінің дегустациясы жасалды.

Тағамтану гигиенасы кафедрасы және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсы.


0
18217

пікірлер

пікір қалдыру үшін.