Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан студенттерінің республикалық слеті

Қазақстан студенттерінің республикалық слеті

09 Желтоқсан 2014

2014 жылдың 25-қарашасында Маңғыстау облысы Ақтау қаласында Қазақстан студенттерінің республикалық слеті болды. «Студенттік өзін-өзі басқару және даму бірлестігі» КҚ ұйымдастырумен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жанындағы жастар саясаты комитеті қолдауымен өтті. Бұл слетке біздің уиверситеттің атынан,  «Жалпы медицина» факультетінің  6-курс  интерн терапевті Сагтаганов Жаксыбек қатысып келді.

«Е.Есенов атындағы технология және инжинирия  Каспи мемлекеттік университеті, Маңғыстау облысының әкімшілігі бізге үлкен қолдау көрсетті. Негізінде түсінікті: біздің ортақ мақсатымыз - мемлекеттік жастар саясатының іске асыруда студент жастарды тарту. Бұл көбіне жобалық бастамаларды қалыптастыру және белсенді азаматтық позицияны дамыту арқылы ғана іске асады», - бұл жайлы сөз еткен: студенттік өзін-өзі басқару және дамыту бірлестігінің атқарушы директоры Айгүл Смагулова.

Слеттің негізгі міндеті: студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту жолында ұсыныстарды өңдеу; студенттер қызметін дамыту және көпшілікке түсіндіру, дәріптеу; жоғары оқу орындарының белсенді студенттерін анықтап және бір арнаға жұмылдырып, өзара әрекеттестігін дамыту; оқуда, қоғамдық жұмыста, спорттық және шығармашылық істерде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізген студенттік топтардың істерін насихаттау және тарату; жастардың өзін-өзі жүзеге асыруға қолдау көрсету; ұйымдастыру қаблеттілігін, көшбасшылық қабілетін, жауаптылықты және өзбетімен шешім қабылдау мүмкіндігін дамыту, және де әр түрлі салада қосымша білім алу. Алдағы уақытта осы іс-шаралардың барлығын іске асу мақсатында отырыс барысында мемарандумға қол қойылды. Және де бағдарламада барысында  мәжіліс, кездесулер, семинарлар-тренинг, мастер-кластар және мәдениетті-көнілді іс-шаралар болып өтті.

Ж. Сагтаганов 6-038 топ интерні


0
18313

пікірлер

пікір қалдыру үшін.