КТК-капустник
14-қарашада академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жастар сарайында, «Жастар – Қазақстанның болашағы» аймақтық студенттік жастар фестивалі аясында, халықаралық студенттер күніне арналған КТК-капустник өтті. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін екі команда таныстырды: «Красавчики» (орыс лигасы) және «Күлкі синдромы» (қазақ лигасы).
Біздің екі ұжым лайықты, аянбай талғампаз жұртшылыққа жастық жалынын, таңдамалы әзіл-сықақ пен жаман емес әртістілік көрсетті. Көрермендер мед.университеттен келген КТК-шілердің сәтті нөмірлеріне, музыкалық пародияларына және тапқыр әзіл-сықақтарына өте ашық әрекеттесіп, соңғыларына аянбай қол соқты. Білікті әділ-қазылар алқасының соншама креативті қөріністерді жоғары бағалағанына еш таңқалған жоқпыз.
Байқау қорытындылары:
«Күлкі синдромы» құрамында Досжан Лескен (1-017 ЖМ), Айбол Абдрашев (1-021 ЖМ), Казыбек Салкынбек (201 Стом), Гани Еркебулан (1-011 ЖМ), Сакен Каламкас (1-018 ЖМ), Махмуд Кайып (1-002 ЖМ), Меруерт Боранбаева (1-031 ЖМ), Жанерке Нурбайкызы (1-012 ЖМ), Мәншук Шынай (1-008 ЖМ) и Нұрсұлтан Хусанов (4-001 ҚДС) 2-орынға ие болды.
«Красавчики»: Дамир Иманбаев, Айдар Бабаев (дыбыс режиссері), Дамир Серикбаев, Алдияр Расул, Микяил Цечоев, Мерген Срымов, Арман Ержанов, Салман Касенов, Тимур Тюлькубаев, Алия Кенжебекова және команда капитаны Чингиз Салимов 1-орынға ие болды.
Біздің командаларға өнерде сәттілік және алдағы уақытта жеңістер тілегіміз келеді.
А.Джакеева
«Орыс лигасы» КТК жетекшісі