«Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеу» атты конференция
21.11.2014 ж. Қарағанды экономикалық университетінде «Әлеуметтік -еңбектік қатынастарды реттеу» атты конференция өтті. Біз, Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 3-005 және 3-006 топ студенттері, Республиканың беделді тұлғаларымен, атап айтсақ: «Самрұқ қазына» әлеуметтік әріптестік орталығының басшысы Н.К.Еримбетов, Еуразия университетінің профессоры, заң ғылымының докторы Е.Н. Нургалиева сияқты құрметті тұлғалармен кездесуге мүмкіндік бергені үшін біздің университтің басшылығына алғысымызды білдіреміз.
Конференцияда кәсіподақ ұжымдарының жұмысы жөніндегі сұрақтар, жастарды тәрбиелеу сұрақтары, еңбек кодексі жөніндегі сұрақтар, модераторлар қызметін қалыптастыру сұрақтары қарастырылды. Біз модераторлар деген кім екенін білдік - бұл адамдар әртүрлі шиеленістер кезінде келіссөз жүргізетін адамдар. Сонымен қатар, өндірісте туындайтын жан-жалдарды, дінге қатысты жан-жалдарды және т.б. себептерден туындайтын шиленістерді қалай ретке келтіруге болатыны жөніндегі сұрақтар талқыланды. Осы кездесудің арқасында біз көптеген қызық нәрселерді білдік. Болашақта осындай жастармен кездесулер үнемі болып тұрады деп үміттенеміз.
Таласов Султан 3-005 топ жетекшісі
Акимбекова Нургуль 3-006 топ жетекшісі