Жатақханалардағы чемпионат.
2014 жылдың көктемінде ҚММУ спорт клубы барлығы сүйіп ойнайтын ойнайтын, университет студенттерінің басын біріктіре алатын футбол бойынша турнирді құруды шешті. Университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі іс-шараларға шағын-футбол бойынша жатақханалар арасында жаңа жарыстар қосылды. Көптеген белсенді, дені сау, жарқын жастарды жинақтап және оларды тиімді және қажетті іспен біріктіре алған іс-шара ретінде, әр жеңіс сайын чемпионаттың дәрежесі өсуде. ҚММУ спорт клубының басшысы Ф.А. Батиров: «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жатақханалар арасында достықты нығайту және футбол бойынша университеттің құрама командасын жинақтау үшін турнирлерді өткізу қажет» - екендігін айтты. Міне, екінші жыл қатарынан біздің студенттеріміздің спорттық өмірі футболмен басталуда.
Көктемгіден күзгі чемпионаттың айырмашылығы ашықтығында: қызықты турнир туралы естіген Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттік командалары қатысушылар қатарына қосылуға үміттерін білдірді. Осындай кейіпте ҚММУ екінші чемпионатында алты команда қатысады: № 1
3, 6 және 7 жатақханалар құрамасы, жалға алушы студенттер құрамасы («Пәтершілер»), сонымен қатар ҚарМУ командасы.
Ойналған екі турдан кейінгі турнир кестесі келесідей:
№ |
Командалар |
И |
В |
Н |
П |
Доптар |
Балдар |
1. |
Пәтершілер |
2 |
2 |
0 |
0 |
18 - 8 |
6 |
2. |
№ 7 жатақхана |
2 |
1 |
0 |
1 |
23 - 11 |
3 |
3. |
№ 6 жатақхана |
2 |
1 |
0 |
1 |
19 - 12 |
3 |
4. |
№ 1 жатақхана |
2 |
1 |
0 |
1 |
9 - 16 |
3 |
5. |
№ 3 жатақхана |
2 |
0 |
1 |
1 |
18 - 27 |
1 |
6. |
ҚарМУ |
2 |
0 |
1 |
1 |
17 - 30 |
1 |
Чемпионат ойындары сенбі және жексенбі күндері сағ. 1000 –ден сағ. 1400 -ге дейін № 2 (Ерубаев к. 32) спорт залында өтеді. Жанкүйерлерді, сонмен қатар турнирге қатысуға тілек білдіруші командаларды шақырамыз. Келіңіздер!
ҚММУ спорт клубы