Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ақпараттық жәрмеңке

Ақпараттық жәрмеңке

05 Қараша 2014

Жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және жан-жақты қалыптасып дамуы үшін Қазақстан Республикасында «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Қолжетімді баспана-2020» секілді мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Осыған орай, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты жастардың арасында тарату ерекше маңызға ие болып отыр.

Ақпараттық жұмыста жаңа тәсілдерді сәтті қолдану үшін Студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі медициналық колледж, интернатура факультеті және үздіксіз кәсіби дамыту факультетінің деканаттарымен бірлесе ҚММУ акт залында «Mobil-info» ақпараттық жәрмеңкесін өткізді.

Кездесу барысында «Жилстройсбербанк» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық Компания» АҚ, «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Қарағанды облысының ХҚКО» РМК, «Даму» кәсіпкерлік қоры», «Жас Отан» ЖҚ өкілдері жүзеге асырылатын бағдарламаларды түсіндірді.

Іс-шара аяқталғанда қатысушылар арасында мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардарлыққа сауалнама жүргізілді.

БатыржанИбраев

KazMSA (Kazakhstan Medical Students Association)

ҚММУ жергілікті комитетінің төрағасы


0
18434

пікірлер

пікір қалдыру үшін.