Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Күзгі саяхат

Күзгі саяхат

27 Қазан 2014

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

(Абай)

19.10.14 ж. күні  «Ақжүніс» клубының мүшелері Қарағанды қаласының орталық саябағында болып қайтты. Саябақта клуб мүшелері серуендеп, қолдан әртүрлі бұйымдар мен суреттер жасау үшін күзгі әдемі жапырақтар жинап, таза ауада, бассейннің айналасында велосипед теуіп, көңіл көтерді.

Олармен бірге «Ақжүніс» клубының жетекшісі, Жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары Д.Т. Оспанова да болып, қыздармен «Алтын Күз», «Сұлу күздің суреттері», «Жапырақтар биі» сияқты тақырыптарда әңгіме өткізіп, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Студенттер алдыңғы уақытта біздің университетке басқа жоғарғы оқу орындарынан академиялық мобильділік бойынша келген студенттерді Қарағанды қаласының әсем жерлеріне серуенге шығарып, таныстыру мақсат етіп отыр.



0
19651

пікірлер

пікір қалдыру үшін.